Орталық жаңалықтары

«Жасыл кеңсе» екінші республикалық байқауы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелерді қолдайтын ұйымдардың басшылары мен қызметкерлерін ынталандыру мақсатында «Жасыл кеңсе» екінші республикалық байқауын ұйымдастырылатын хабарлайды.

Конкурстың мақсаты: энергияны, суды және ресурстарды үнемдеуді ынталандыру, экологиялық таза технологияларды, тауарлар мен қызметтерді жылжыту, сондай-ақ қоршаған ортаға бағытталған жұмыста қолайлы жағдай жасауға жәрдемдесу; халық арасында «жасыл» пікірді офистік ресурстарға арқа сүйеу арқылы қалыптастыру; экологиялық жауапты компаниялардың қоғамдастығын қалыптастыруға үлес қосуға; экологиялық мәселелерге, орнықты дамуға, климаттеңдігін сақтауға, ресурстардың ұтымды пайдаланылуына қоғам назарын аудару.

Байқау осы жылдың 10 маусымында келесі номинациялар бойынша басталды:

1) білім беру (ЖОО, колледж, мектеп, балабақша және т.б.);

2) денсаулық сақтау (ауруханалар, емханалар, медициналық орталықтар және т.б.);

3) мемлекеттік органдар (министрліктер мен ведомстволар, әкімдіктер және т.б.);

4) халықаралық ұйымдар мен өкілдіктер;

5) квазимемлекеттік сектор;

6) өнеркәсiптiк кәсiпорындар;

7) бизнес пен сауда орталықтары;

8) қызмет көрсету секторы (қонақ үйлер, сұлулық салондары, спорттық кешендер);

9) қаржы ұйымдар (банктер, сақтандыру компаниялары және т.б.);

10) үкіметтік емес ұйымдар.

Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар «Жасыл кеңсе» арнайы белгісіне ие болады.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, сізді Конкурсқа қатысуға шақырамыз, сондай-ақ жоғарыда аталған номинациялар бойынша ведомствалық және тағы басқа ұйымдардың арасында ақпарат тарату арқылы үлес қосуыңызды сұраймыз.

Қосымша ақпарат алу үшін Конкурстың ұйымдастырушысы «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ (+77172)999408, +77473838301 телефондар (Асыл Окапова) және greenkaz.kz@gmail.com арқылы хабарласуыңыды сұраймыз. 

title=title=


2024 жылғы 18 қаңтар күні мектепке дейінгі ұйым және бастауыш сынып педагогтеріне ...

Оқушылардың білім сапасын арттыру мәселесі бойынша педагогтерге әдістемелік ...

2024 жылғы 17 қаңтар күні Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі ұйымдар мобильді ...

Білім берудің оқу- әдістемелік орталығының іс- шаралар жоспарына сәйкес, 2024 ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы оқушылардың позитивті қарым-қатынастары ...

Бүгін, 2024 жылғы 17 қаңтар күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары ...

2024 жылдың 16 қаңтар күні Ақтау қаласының №8 жалпы білім беретін мектебінде ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...