Орталық жаңалықтары

Ардагер ұстаз - Бақыт Балұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған олимпиаданы облыс көлемінде тарату мақсатында облыстық вебинар өтті.

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық атаулы «Шыңдалу мектебінің» негізін қалаушы, ҚР Халық ағарту ісінің үздігі, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, ардагер ұстаз - Бақыт Балұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған олимпиаданы облыс көлемінде тарату мақсатында облыстық вебинар өтті.

Вебинарға Маңғыстау, Қарақия, Түпқараған аудандарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері және атаулы «Шыңдалу» мектебінің облыс бойынша мүшелері қатысты.

Вебинарды оқу-әдістемелік орталықтың директорының орынбасары Жұмабаева Жемісгүл Жеткізгенқызы ашып, «Шыңдалу» мектебі бойынша облыс көлемінде жасалған жұмыстарға тоқталып өтті.

Вебинар барысында Бейнеу аудандық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Мелешов Азамат Кенесбайұлы Бақыт Балұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық олимпиадасының жүрісі, ережесі, өту барысы жөнінде таныстырды.

Сонымен қатар, Бейнеу аудандық білім бөлімінің Бейнеу лицейінің директоры, «Шыңдалу» мектебінің мүшесі Азанова Гүлраушан Бақытқызы «Атаулы мектептің айтулы жұмыстары» тақырыбында баяндама жасады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған Бақыт Балұлы атындағы олимпиада Бейнеу ауданында 2022, 2023 жылдары аудандық деңгейде өтіп келеді.

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының әдістемелік кеңесінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес олимпиаданы облыс көлемінде тарату мақсатында 2024-2025 оқу жылында Маңғыстау, Түпқараған, Қарақия аудандарында пилоттық жоба ретінде өткізу жоспарланды.

Ұсыныс бірауыздан қолдау тапты. Алдағы жұмыстарға сәттілік тілейміз. 

title=title=title=title=


Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен ағымдағы жылдың 3 ...

Маңғыстау облысы бойынша барлық білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылында «Білім ...

Жаңа 2024-2025 оқу жылында Қазақстанда 3,9 млн-нан астам оқушы мектепке барады, оның 352 ...

2024 жылдың 2 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Ағымдағы жылдың 19-30 тамыз күндері аралығында орталық әдіскерлері “Әдістемелік ...

2024 жылдың 26-27 тамыз күні аралығында «Физика және математика пәндерінде күрделі ...

2024 жылғы 26 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен Абай атындағы ...

2024 жылғы 26 тамыз күні Ақтау қаласында «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы ...

Ағымдағы жылдың 26 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылғы 23 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен Абай атындағы ...