Орталық жаңалықтары

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Маңғыстау облысындағы күндері» өтті

2023 жылдың 15-16 қараша күндері Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Маңғыстау облысындағы күндері» өтті.

Шараға тәжірибе алмасу және трансфер жасау мақсатында «Қарлығаш» балабақшасы әдістемелік сүйемелдеу орталығының сектор меңгерушісі Муралимова Света Мұратбекқызының және №3 балабақша меңгерушісі Қожахметова Раушан Тоқтарқызының қатысты.

Бұл шараға Маңғыстау облысының мектепке дейінгі ұйымдарынан 40 педагог (меңгерушілер, әдіскерлер, тәрбиешілер, мамандар) қатысты. 

І-ші бөлімінде Мұнайлы ауданы №11 «Шағала», Ақтау қаласы «Айшуақ», «Гүлдер», «Samal Kids», «Ай-Наз», №4 «Аққу» бөбекжайларының материалдық базасымен таныса отырып, заттық дамытушы орталықтарға экскурция жасалды. Ондағы балалардың іс-әрекетінің жас ерекшеліктеріне сәйкестігі анықталып, қолданылатын ойын жабдықтарының қауіпсіздігі жөнінде ұсыныстар берілді.

ІІ-ші бөлімінде Маңғыстау облысы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ерте жастан дамыту мәселелері жөніндегі мобильді топ жоспарына сәйкес, №46 «Балбұлақ» бөбекжайында «BabySkils» жобасы аясында кешенді іс-әрекеттер көрсетілді.

МДҰ педагогтерімен, құзыреттілік орталықтар әдіскерлерімен жүздесіп, үздік әдіс-тәжірибелермен бөлісу мақсатында №61«Сұлтан» бөбекжайында дөңгелек өтті.

Жаңабаева Құралай Абылақызы, Мұғазенова Айдана Еркінқызы, Ақтау қаласы, № 61 «Сұлтан» бөбекжайының тәрбиешілері

Көрме: "Үздік дидактикалық материалдар"

Садыбекова Майра Нұрланқызы, Ақтау қаласы, № 61 «Сұлтан» бөбекжайының бейнелеу өнері маманы

Шебер-сынып: "Ұлттық қолөнер бөбекжайда"

Дорофеева Валерия Владимировна, воспитатель детского сада «Айшуақ»

«STEM. Экспериментально-исследователькая деятельность «Кислород – источник  жизни»

Баймуханова Жания Карлқызы, № 4 «Аққу» бөбекжайы әдіскері

«Мектепке дейінгі мекемелерде заттық дамытушы ортаны құрудың тиімділігі»

Орунбай Илия Исағалықызы № 4 «Аққу» бөбекжайы әдіскері

Презентация: «Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасының сапасын ECERS шкаласы бойынша бағалау»

Кобланова Алима Реджепқызы № 46 «Балбұлақ» бөбекжайы әдіскері

Шебер-сынып: «Мектепке дейінгі  ұйым жұмысында инновациялық технологиялардың  бірі  WorldSkills стандартына негізделген «BabySkills» жобасы бойынша мектепке дейінгі мекеменің жұмыс тәжірибесі

Кожахметова Раушан Тоқтарқызы,  Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының  «Қарлығаш» балабақшасы меңгерушісі

Презентация: «Модель сетевого детского сада»

Муралимова Света Муратбекқызы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы әдістемелік сүйемелдеу орталығының сектор меңгерушісі

Мастер-класс «Іс-тәжірибедегі инновациялар»

Дөңгелек үстелде жаңа стандартқа байланысты көкейде жүрген көптеген сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.

Тәрбиешілер  мен әдіскер үшін «Маңғыстау облысындағы күндер» атты кездесу өте қажетті мәліметтер алуға ықпалын тигізді.

Шараның тиісті деңгейде өтуіне ат салысқан бөбекжай ұжымдары мен басшыларына Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы алғысын білдіреді.

 

title=title=title=title=title=title=


Маңғыстау облысы бойынша барлық білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылында «Білім ...

Жаңа 2024-2025 оқу жылында Қазақстанда 3,9 млн-нан астам оқушы мектепке барады, оның 352 ...

2024 жылдың 2 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Ағымдағы жылдың 19-30 тамыз күндері аралығында орталық әдіскерлері “Әдістемелік ...

2024 жылдың 26-27 тамыз күні аралығында «Физика және математика пәндерінде күрделі ...

2024 жылғы 26 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен Абай атындағы ...

2024 жылғы 26 тамыз күні Ақтау қаласында «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы ...

Ағымдағы жылдың 26 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылғы 23 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен Абай атындағы ...

2024 жылдың 23 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...