Педагог-психологтарға онлайн вебинар өтті
Педагог-психологтарға онлайн вебинар өтті
2022 жылдың 9 - 12 қыркүйек күндері «Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері, нормативтік-құқықтық құжаттары» тақырыбында облыстық онлайн вебинар өтті.
Вебинарға барлық білім беру ұйымдарының (230) педагог-психологтары қатысты. Вебинар барысында орталық директорының тәрбие жөніндегі орынбасары А. Мамаева білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтардың жұмысын реттейтін нормативтік құжаттарымен, ал, Психологиялық қолдау бөлімінің жетекшісі Г. Койтанова «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 377 бұйрығымен таныстырды.
Сонымен қатар, вебинарда осы орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын іске асыру аясында педагог-психологтар пайдалана алатын басқа да ресурстар қарастырылатындығы жөнінде атап өтілді.
Тыңдаушылар теориялық білім алып қана қоймай, өздерінің ұсыныс пікірлерімен бөлісті.
Бүгін Ұлы жеңіс күніне орай Қазақстанның даңқты қолбасшысы, жазушы Бауыржан ...
2026 жылғы 05-06 мамыр күндері Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы ...
Білім берудің оқу - әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2026 ...
«Мектеп – ата-ана – бала: бірлескен тәрбие алаңы» тақырыбындағы облыстық ...
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің “Дарын” Республикалық ...
2026 жылдың 27–29 сәуір күндері аралығында Астана қаласында информатика пәні ...
2026 жылдың 27-29 сәуір аралығында Алматы қаласында Дарын Республикалық ғылыми ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған іс-шаралар ...
2026 жылдың 27 сәуір күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту ...

















