Облыстық қауымдастықтардың отырысы өткізілді.
2023 жылдың 17 қаңтар күні Ақтау қаласындағы С.Мұқашев атындағы №16 жалпы білім беру мектебінде директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, қосымша және арнайы білім беру ұйымдары мамандарынан құралған облыстық қауымдастықтардың отырысы өткізілді.
Қатысушылар саны: 24 маман қатысты.
Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралып, қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, тренингтер ұйымдастырылды:
1.Жылдық жоспарды талдау;
2.Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №506 бұйрығымен таныстыру және талқылау;
3.«Қоғамда оқушылар арасында орын алатын буллингтің себептерін, әсерін талдау» тақырыбындағы жыл бойы зерттеу жұмыстарын жүргізу;
4.«Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған ден қою жөніндегі іс-қимыл алгоритмі»
Қатысушылар ұсыныс пікірлерін айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Биылғы жылы 1 383 робототехника, химия, биология, физика және STEM пәндік ...
ҚР Премьер-Министрінің 2024 жылғы 9 шілдедегі №21 және 2024 жылғы 11 шілдедегі н/ж ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 тамыз ...
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, қосымша, арнайы, техникалық және ...
Бүгін, 7 тамыз күні балалар мен жасөпірімдердің тәрбиесіне қоғамның назарын ...
2024 жылдың 19-21 маусым күндері білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге ...
Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің ...