Орталық жаңалықтары

Оқушыларға компьютерлік құрылғылар табысталады

2020 жылдың 14 қыркүйек күні республикалық бюджет есебінен құрылғылардың кезекті бөлігі облысқа жеткізілді.

Бұдан бұрын қашықтан оқытуды ұйымдастыру мақсатында осал топтағы отбасылардың оқушыларына уақытша пайдалануға беру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінен 22541 дана компьютерлік техника алынатыны айтылған еді. Ол үшін бюджет қаражатынан ақша бөлінген болатын. Бөлінген қаражат 2346 дана компьютер, 17156 дана ноутбук, 3039 дана планшет алуға жұмсалмақ.

Бүгінгі таңда облысқа 2346 дана компьютер келді. Олар, Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Бейнеу, Мұнайлы ауданының оқушыларына таратылып беріледі.

Қазіргі уақытта білім саласының жауапты мамандары және «Адалдық алаңының» өкілдері техникалық құрылғыларды тексеріп, мектептерге таратып беруде.

Маңғыстау облысының оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы. 

title=title=title=


Маңғыстау облысы білім басқармасының білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары. Оқушы тәрбиесі ...

Елордамыздағы «EXPO» Халықаралық көрме орталығында «WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII ...

       Білім  берудің оқу – әдістемелік орталығының іс шаралар жоспарына сәйкес, ...

Ел ордасы Астана қаласында "WorldSkills Kazakhstan - 2023" республикалық чемпионаты өтіп ...

Ағымдағы жылдың 23 қараша күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы, ...

Маңғыстау облысының білім басқармасының тапсырысы негізінде "7 жұрт" қоғамдық ...

20.11.2023ж. Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысы Д.Жұмашеваның ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік  білім ...

2023 жылдың 15-16 қараша күндері Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...