Орталық жаңалықтары

Маңғыстау техникалық колледжінің түлегі Чонекбаев Мераспен кездесу өткізілді.

2021жылы 16 қыркүйек күні Маңғыстау облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі базасында «EuroSkills Graz 2021» халықаралық чемпионатына Қазақстан Республикасы атынан қатысушы Маңғыстау техникалық колледжінің түлегі Чонекбаев Мераспен кездесу өткізілді.

Кездесуге Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Г. Қалмұратова, «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы WorldSkills қозғалысын дамыту департаментінің басшысы С. Татибеков, ҚР білім беру саласындағы қызметкерлерінің Маңғыстау облысы бойынша кәсіподақ төрайымы Т. Баймбетова, Маңғыстау жобалық офисінің басшысы Ж. Маханбетова, Ақтау тренинг орталығының аға нұсқаушысы Б. Малчибаев, облыстағы колледж басшылары, студенттер қатысты.

Қазақстан Республикасының атынан бес өңірден 5 қатысушы «Мехатроника», «Дәнекерлеу технологиясы», «Шаштараз өнері», «Веб әзірлеу», «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреттіліктері бойынша ағымдағы жылдың 22-26 қыркүйегінде Австрия елінің Грац қаласында өтетін «EuroSkills Graz 2021» халықаралық чемпионатында Қазақстанның намысын қорғамақшы.

Оның ішінде Маңғыстау облысынан Мерас Чонекбаев «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша қатысқалы отыр. Бұл біздің облыс үшін үлкен жетістік.

Барлық қонақтар Мерасқа жылы лебіздерін білдіріп, қолдау көрсетті. Маңғыстау облысының Worldskills қозғалысы бойынша техникалық делегаты М.Измухамедов және "Euroskills Будапешт -2018" чемпионатының қатысушысы А.Жалғасбаев Мерасқа сыйлықтарын табыс етті.

Кездесу соныңда облыс әкімінің орынбасары Г. Қалмұратова Мерасқа облыс әкімі Н.Ноғаевтың атынан сертификат табыстады.

Мерастың ел сенімін ақтап, жүлделі орындармен оралып, еліміздің, қасиетті Маңғыстауымыздың атағын әлемге әйгілеп, танытуына тілектеспіз!

17 қыркүйек 2021 жыл

#Білім_берудің_оқу_әдістемелік_орталығы 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=


2024 жылдың 19 сәуір күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен, ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі», «Оңалту орталығы, ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

Ағымдағы жылдың 13 сәуір күні Маңғыстау облысының білім берудің оқу-әдістемелік ...

2024 жылғы 12 сәуір күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары ...

2024 жылғы 12 сәуір күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығында әдістемелік ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылғы ...

2024 жылғы 4-5 сәуір күндері Балаларды ерте дамыту институтының және Білім берудің ...

2024 жылғы 01 сәуір күні мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік және бейнелеу ...