Орталық жаңалықтары

"Психологиялық қызмет – үш бірліктің бала тәрбиесіндегі рөлі» атты облыстық форум өтті

Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары. Оқушы тәрбиесі - мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі. Жас буынның бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор. Ал ол отбасы – бала – мектеп атаулы үштік ұғым біріккенде ғана сапалы білім мен саналы тәрбие болады.


Осы орайда, бүгін, 28 қараша күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, "Психологиялық қызмет – үш бірліктің бала тәрбиесіндегі рөлі» атты аудандық, қалалық оқу-әдістемелік орталықтарының тәрбие және педагог-психолог әдіскерлері, тәрбие жөніндегі орынбасарлар, педагог-психологтер, сынып жетекшілер, арнайы педагогтер мен әлеуметтік педагогтерге арналған облыстық форум өтті. Форумға 130-ға жуық маман қатысты.

Форум 2 секцияға бөлінді: теориялық бөлім және тәжірибелік бөлім.


Теориялық бөлімде:


-«Жетістіктер алаңы» жобасының таныстырылымы;


-«Құндылықтарға негізделген тәрбие»;


-«Мектептегі балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу»;


-«Отбасы мен мектептің өзара қарым-қатынасының тиімділігі»;


-«Қазіргі заман сынып жетекшісінің портреті»;


-«Сынып жетекшінің әдістемелік шеберханасы» тақырыптарында шағын баяндамалар оқылды.


Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмыстары мен психологиялық қызметті ұйымдастыруда мамандарды қолдау, зияткерлік әлеуетін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткен форумның тәжірибелік бөлімі топтық пікірталас, жаттығулар, интроспекция, іскерлік ойындармен жалғасты.


Аталмыш форумның қорытынды бөлімінде “жинақ қоржын” әдісі арқылы тәрбие бағытында жасаған жұмыстарына кері байланыста берілген сұрақ арқылы талдау жүргізіп, аудандық, қалалық оқу-әдістемелік орталықтардың әдіскерлері таныстырды. Форум соңында белсенді қатысқан педагогтерге ынталандыру сыйлықтары беріліп, қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, спикерлерге және ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты. 



Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева бастаған білім ...

Бүгін, 21 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ...

Бүгін Маңғыстау облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында облыс ...

Бүгін, білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесі аясында облыстың білім беру ...

Биылғы жылы 1 383 робототехника, химия, биология, физика және STEM пәндік ...

ҚР Премьер-Министрінің 2024 жылғы 9 шілдедегі №21 және 2024 жылғы 11 шілдедегі н/ж ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 тамыз ...

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, қосымша, арнайы, техникалық және ...