Облыстық «Жаңашыл басшы» сырттай байқауы өтті.
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қосымша білім беру ұйымдары директорлары арасында облыстық «Жаңашыл басшы» байқауы өткізілді.
Қосымша білім беру ұйымдарының шығармашылықпен жұмыс істейтін басшыларының қазіргі даму үрдістеріне сәйкес басқару тиімділігінде кәсіби дағдыларын анықтау, мектептен тыс ұйымдардың тәрбие үрдісін жетілдіру, тәрбие субъектілерінің құзырлылығын дамыту мақсатында өткен байқауға 10 директор қатысты.
Қатысушылар төмендегідей 4 бөлім бойынша өз жұмыстарын тапсырды:
І бөлім. «Өзін-өзі таныстыру»;
ІІ бөлім. «Балалар үшін қауіпсіз және жайлы жағдай» авторлық бағдарлама;
ІІІ бөлім. «Аула клубы және жазғы демалыс» эссе;
ІV бөлім. «Қазіргі жаңашыл басшы қандай болуы керек?» бейнеролик.
Байқау қорытындысында қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, орталықтың арнайы дипломдарына ұсынды.
І орын – Г.Құлғали (Түпқараған ауданы, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы ат.өнер мектебінің директоры);
ІІ орын – Ж.Қуатбаева (Маңғыстау ауданы, Балалар өнер мектебінің директоры);
ІІІ орын – Ә.Шонтыбаева (Бейнеу ауданы, Қ.Бақтыбайұлы ат. Бейнеу өнер мектебінің директоры)
Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтай отырып, барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
2024 жылдың 16 қаңтар күні Ақтау қаласының №8 жалпы білім беретін мектебінде ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...
2024 жылы 14 ақпан күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен ...
Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығы «Алматыкітап» ЖШС-нің оқу ...
Педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ...
Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық ...
Маңғыстау облысы бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық ...
Орталықтың арнайы және инклюзивті білім бөлімінің мақсаты: арнайы білім ...
Орталықтың психологиялық қолдау бөлімінің мақсаты: білім беру ...