Орталық жаңалықтары

«КӨРШІЛЕРГЕ КӨМЕК» АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі оқытушылары мен студенттерінің бастауымен Ақтау қаласының бастауыш сынып оқушыларына арналған жылдық «Көршілерге көмек» атты қайырымдылық акциясы өтіп жатыр.

Акцияның мақсаты: ұзартылған топ сабақтарында балаларға өткен материалды меңгеруге және бекітуге мүмкіндік беру, аз қамтылған, көп балалы отбасылардың ата-аналарына көмек көрсету.

Ұзартылған күн тобының жұмысы мыналарды қамтиды:

үй тапсырмасын орындау;

шығармашылық және дамытушылық қызметтер;

кітап оқу;

қимыл-қозғалыс ойындар.

Аптасына 5 күн ұзартылған топқа сабақты қазақ және орыс тілдерінде «Бастауыш білім беру» мамандығының 3-4 курс студенттері, Ақтау қаласындағы 2-ші шағын ауданның 1-4 сынып оқушыларына жүргізеді.

Бүгінгі күні қазақ, орыс тілінде №5, №6 орта мектептерінің бастауыш сыныптарынан қосымша сабаққа 48 оқушы қатысып үй тапсырмаларын орындап, білім деңгейін арттыруда.

Бірінші ауысым сағат: 09:00 - 11:00 аралыгында қазақ, орыс тілдерінде екі топта 25 оқушы;

Екінші ауысым сағат: 14:00 - 16:00 аралыгында екі топта (қазақ, орыс) 23 оқушы қосымша сабаққа қатысады. 

title=title=title=title=title=title=title=


Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2023 жылға арналған іс-шаралар ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2023 жылға арналған іс-шаралар ...

8 ақпан күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың ...

Бүгін, 8 ақпан күні облыстық қосымша білім беру педагогтері қауымдастығының ...

2023 жылдың 7 ақпан күні жалпы білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік педагогтерінің ...

2023 жылдың 6 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

2023 жылдың 2 ақпанында Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2023 жылдың 3 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

2023 жылдың 03 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жоспарына ...

2023 жылдың 3 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...