Орталық жаңалықтары

«10-11 сыныптардың қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша күрделі мақсаттарды оқыту шеберлігі» тақырыбында облыстық вебинар өтті

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығында 2023 жылдың 1 желтоқсаны күні облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қауымдастығы «Шыңдалу» мектебінің 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «10-11 сыныптардың қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша күрделі мақсаттарды оқыту шеберлігі» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Вебинарға аудандық, қалалық оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері мен облыстағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, барлығы 30-ға жуық адам қатысты.

Мұнайлы ауданы №3 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Пиржанова Жадыра Нажимовна «Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романын оқыту тәжірибемнен»;

Бейнеу ауданы Боранқұл жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аккаюова Маржан Маратовна «Күрделі мақсатты тақырыптарды меңгертуде қолданылатын әдіс-тәсілдер»;

Түпқараған ауданы М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жузбаева Райгул Кенжебаевна «М.Мағауиннің «Шақан Шері» шығармасын мазмұндас шығармалармен сабақтастыра отырып оқыту тәжірибемнен» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында кері байланыс жасалып, ұсыныс-пікірлер айтылды.

Вебинарға белсенді қатысқан әріптестерге алғыс білдіреміз! 

 



...

Бүгін, 7 тамыз күні балалар мен жасөпірімдердің тәрбиесіне қоғамның назарын ...

2024 жылдың 19-21 маусым күндері білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге ...

Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің ...

2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар ...

2024 жылдың 27 мамыр күні «Mediana Services Limited» ЖШС орталығында қосымша білім беру ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 24 мамыр күні ...