Орталық жаңалықтары

«WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілуде

Елордамыздағы «EXPO» Халықаралық көрме орталығында «WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілуде.

Бүгін чемпионаттың жұмыс алаңына ҚР Премьер  Министрінің орынбасары Т.Б.Дүйсенова мен Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғ.Б.Бейсембаев қатысты.

Делегация еліміздің әр өңірінен келген мықты жұмысшы жастардың жұмысымен танысты. Жас мамандар 30 құзіреттілік бойынша WorldSkills халықаралық стандарттарына сәйкес кәсіби шеберліктерін көрсетуде. Болашақ мамандар еліміздің эконоикасына аса қажет энергетика, құрылыс, қызмет көрсету салалары, тамақтандыру және қызмет көрсету, IT технологиялар, автотранспорт, жеңіл өнеркәсіп, білім және т.б. мамандықтар бойынша бақ сынасып, еліміздегі колледждерде алған білімдері мен білік дағдыларын көрсетуде.

Чемпионатқа қатысушылар сарапшылардың, тәуелсіз бақылаушылар мен қонақтардың назарында болса да,   қадағалауына қарамастан өздерінің табандылығын, жинақылығын және стандартты емес жағдайларда жұмыс істеу қабілетін көрсетуде.

Сапар барысында Қазақстан Республикасының Білім министрі Ғ.Б.Бейсембаев чемпионатқа қатысушылармен әңгімелесіп, олардың таңдаған істеріне берілгендіктері, жұмысшы мамандықтарының беделін арттырғаны үшін алғысын білдіріп, баршаға сәттілік, төзімділік пен жеңіске деген жігер тіледі. . «Еліміздегі кәсіпорындарға білімді мамандар, өз саласының кәсіби мамандары қажет. Және де еліміздің экономикасына қомақты үлес қосатындарыңызға сенемін». – деп атап өтті Тамара Босымбекқызы.

Чемпионат өз деңгейінде ұйымдастырылған. 

title=title=


...

Бүгін, 7 тамыз күні балалар мен жасөпірімдердің тәрбиесіне қоғамның назарын ...

2024 жылдың 19-21 маусым күндері білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге ...

Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің ...

2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар ...

2024 жылдың 27 мамыр күні «Mediana Services Limited» ЖШС орталығында қосымша білім беру ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 24 мамыр күні ...