Орталық жаңалықтары

«Заманауи білім беру жүйесі: идеялар, тәжірибелер, ізденістер» тақырыбында online режимінде республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді

Маңғыстау облысы білім басқармасының білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2023ж. 20 қараша №307-нқ шыққан бұйрығына сәйкес а.ж. 28 қараша күні кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру, білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және тәжірибе алмасу мақсатында Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжімен бірлескен «Заманауи білім беру жүйесі: идеялар, тәжірибелер, ізденістер» тақырыбында online режимінде республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Мақсаты: заманауи сапалы білім беруде нәтижеге жетуге бағытталған инновациялық тәжірибелерді тарату, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мәселесінің теориялық, әдістемелік, практикалық аспектілерін талқылау.

Конференцияның бағыттары:

· Заманауи білім берудің құндылықтық бағыттары;

· Инклюзивті білім берудің заманауи мәселелері;

· Инновациялық білім беру: теория, технология, практика;

· Білім беру жүйесін цифрландыру: тәжірибе мен перспективалар.

Конференцияға еліміздің әр өңіріндегі оқу орнынан 480-дей баяндама

келіп түсті. Сараптау тобының (антиплагиаттан және сараптаудан өткен баяндамалар) жұмыс нәтижесінде баяндамалар конференцияға қатысуға мүмкіндік алды.

Конференцияның пленарлық отырысында келесі баяндамашылардың баяндамасы тыңдалды:

Раймбекова Жанат Ахатқызы, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА Кәсіптік білім беру мазмұнын трансформациялау зертханасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, Астана қаласы; «Білім берудегі құндылықтар»;

Мұхтаров Аманғали Хамидоллаұлы, Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, Алматы қаласы; «Позитивті ата-ана мәдениетін дамытудың өзектілігі»;

Жанаева Шагангул Алдамжарқызы, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі басшысы, филология ғылымдарының кандидаты, Семей қаласы; «Тәрбие парадигмасы: құндылықтар мен оны жүзеге асыру механизмі»;

Копбергенова Сәнбибі Сабырбайқызы, «Назарбаев Зияткерлік мектептер» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтау қаласындағы филиалының тренері, Ақтау қаласы; «Инклюзивті оқу ортасындағы педагогикалық қолдау»;

Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі басшысының республикалық оқу-әдістемелік бірлестік жұмысы бойынша орынбасары, докторант PhD, Көкшетау қаласы; «Қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламаларын құрудағы сабақтастық»;

Мамутова Гүлдариға Төремұратқызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша кәсіби даму институты, жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, Ақтау қаласы; «Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерін оқытудың өзекті мәселелері»;

Тлеуов Кайрат Кипчакбайұлы, «Назарбаев Зияткерлік мектептер»  ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтау қаласындағы филиалының аға менеджері, Ақтау қаласы; «Білім берудегі заманауи трендтер»;

Кумбаев Искендер Ясавилұлы, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің педагог-ұйымдастырушысы, Ақтау қаласы; «Колледжде студенттердің өзін-өзі басқаруын жетілдіру жолдары».

Конференцияның әр секциясында баяндамашылар тың идеяларымен, іс-тәжірибелерімен  бөлісті.

Конференция секциясына қатысқан баяндамашыларға диплом және сертификат берілді.

 

title=title=title=title=title=


...

Бүгін, 7 тамыз күні балалар мен жасөпірімдердің тәрбиесіне қоғамның назарын ...

2024 жылдың 19-21 маусым күндері білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге ...

Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің ...

2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар ...

2024 жылдың 27 мамыр күні «Mediana Services Limited» ЖШС орталығында қосымша білім беру ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 24 мамыр күні ...