Орталық жаңалықтары

Мұғалімдердің облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауы өз мәресіне жетті

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының, 2023 жылғы 10 қазанындағы №590/15-11-07 хаты негізінде пәндер бойынша оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында ағымдағы жылдың 14 қараша күні жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің арасында «Үздік авторлық бағдарлама» байқауы өтті.

Байқауда облыстағы жалпы білім беретін ұйымдардан түскен 20 авторлық жұмыс қаралды.

Қазылар алқасы педагогтердің жұмыстарын сараптап, бағалай келе, жеңіпаздарды анықтады:

І орын – Байдуллаева Феруза Тәжіғалиқызы, Жаңаөзен қаласы №10 жалпы білім беретін мектептің  бастауыш сынып мұғалімі;

ІІ орын – Джайлханова Анар Нугаевна, Мұнайлы ауданы Ш.Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектептің психологы;

ІІІ орын – Утебаева Шаттыгуль Шаукмановна, Жаңаөзен қаласы №15 жалпы білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі;

ІІІ орын – Турганалиева Айнагул, Ақтау қаласы №30 жалпы білім беретін мектептің биология пәні мұғалімі.

Жеңімпаздар білім берудің оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталып, республикалық кезеңге жолдама алды.

 

title=title=title=


...

Бүгін, 7 тамыз күні балалар мен жасөпірімдердің тәрбиесіне қоғамның назарын ...

2024 жылдың 19-21 маусым күндері білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге ...

Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің ...

2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар ...

2024 жылдың 27 мамыр күні «Mediana Services Limited» ЖШС орталығында қосымша білім беру ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 24 мамыр күні ...