Ауыл ұстазы – ел абыройы
Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.
Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.
Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.
Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз.
Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары. Оқушы тәрбиесі ...
Елордамыздағы «EXPO» Халықаралық көрме орталығында «WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII ...
Білім берудің оқу – әдістемелік орталығының іс шаралар жоспарына сәйкес, ...
Ел ордасы Астана қаласында "WorldSkills Kazakhstan - 2023" республикалық чемпионаты өтіп ...
Ағымдағы жылдың 23 қараша күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы, ...
Маңғыстау облысының білім басқармасының тапсырысы негізінде "7 жұрт" қоғамдық ...
20.11.2023ж. Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысы Д.Жұмашеваның ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім ...
2023 жылдың 15-16 қараша күндері Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
2023 жылғы 17 қараша күні білім берудің оқу-әдістемелік ...