Орталық жаңалықтары

ОБЛЫСТЫҚ ЖҮРМЕЛІ СЕМИНАР

2023 жылдың 19 қыркүйек күні «Зорлық-зомбылықтың және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуда бала психологиясының қалыптасу негіздері» тақырыбындағы облыстық жүрмелі семинарымыз Жаңаөзен қаласында өз жалғасын тапты.

Семинар мақсаты: Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметті тиімді ұйымдастыру, зорлық-зомбылықтың алдын алуда, бала психологиясының даму кезеңдерін психоанализ бағытында талдауды жетілдіру.

Іс-шараға жалпы білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер (70-ке жуық маман) қатысты.

Жаңаөзен қаласы бойынша оқу-әдістемелік орталығының психология бойынша әдіскері Умарбаева Нұргүл Мұсақызы қатысушыларды семинардың тақырыбымен және мақсатымен таныстырып өтті.

Психологиялық қолдау бөлімінің жетекшісі Қойтанова Ғалия Күмбетбайқызы

- «Білім беру ұйымдарындағы зорлық-зомбылықты алдын алуда психологиялық қызметті ұйымдастыру» тақырыбымен және Арнаулы білім беру ұйымының педагог-психологы Көкебаева Назерке Амантайқызы

- «Тұлға дамуының психоанализ бағытындағы даму кезеңдері» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Шара соңында жалпы білім беру ұйымдарының мамандары QR код арқылы кері байланыстарын жасап, алғыстарын білдірді. 



2022 жылдың 7 қазан күні қазақ, орыс, ағылшын тілі пәні оқытушылары арасында «Білім ...

Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысының орынбасары А. Тұржанова ...

2022 жылдың 06 қазан күні онлайн форматта облыс бойынша барлық пән мұғалімдерінің ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына орай ...

2022 жылдың 3 қазан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының психологиялық ...

Бүгін, 30 қыркүйек күні Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драмалық ...

Маңғыстау облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларын белгілеу ...

2022 жылғы 20 қыркүйек күні Білім басқармасының 5 қыркүйек – Қазақстан халқы ...

2022 жылдың 20 қыркүйек күні мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері арасында ...

27 қыркүйек күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ұстаздар мерекесі қарсаңында бірқатар ...