Орталық жаңалықтары

Облыстық «Үздік ағылшын тілі пәні кабинеті» онлайн байқауы өтті

Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Маңғыстау облысының ағылшын тілі пәні мұғалімдері қауымдастығының 2024 жылға арналған іс- шара жоспарына сәйкес, оқушылардың білім деңгейінің көтермелеу үшін үйлесімді шарттарын қамтамасыз ететін, эстетикалық, гигиеналық талаптарға сай, қауіпсіздік ережелері сақталған, оқушылардың мəдени тұлғалық дамуына жағдай жасалған жайлы кабинеттерді көбейту мақсатында облыстық «Үздік ағылшын тілі пәні кабинеті» кабинет меңгерушілеріне арналған байқауы қашықтықтан өткізілді.

Байқауға аудан, қалалардан 5 кабинет меңгерушісі қатысты.

Байқаудың талаптарына сәйкес, қазылар алқасының талдауымен төмендегідей кабинет меңгерушілері жүлделі орындарды иеленді:

І орын – Бейнеу ауданының Үстірт жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні кабинетінің меңгерушісі Мухамединова Актилек Таужарбаевна;

ІІ орын – Ақтау қаласының № 27 Өмірзақ жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні кабинетінің меңгерушісі Сатыбалдиева Жыгагул Алимжановна;

ІІІ орын - Мұнайлы ауданының Ш.Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні кабинетінің меңгерушісі Джанбаева Мая Нурымовна;

ІІІ орын- Қарақия ауданының №4 жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні кабинетінің меңгерушісі Шораханова Жанар Юсуповна;

Ынталандыру - Түпқараған ауданының Форт-Шевченко мектеп - лицейінің ағылшын тілі пәні кабинетінің меңгерушісі Толғанбаева Айжан Бақытжанқызы.

Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З 

title=title=title=


Бүгін, 16 мамыр күні Астана қаласында «Инклюзивті және арнайы білім беру ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...

2024 жылдың 15 мамыр күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының облыстық педагог – психологтер ...

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене ...

2024 жылғы 13 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспары ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...

Білім басқармасының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 10 мамыр күні ...

2024 жылғы 10 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспары ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 ...