Орталық жаңалықтары

ОБЛЫСТЫҚ ЖҮРМЕЛІ СЕМИНАР

2023 жылдың 19 қыркүйек күні «Зорлық-зомбылықтың және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуда бала психологиясының қалыптасу негіздері» тақырыбындағы облыстық жүрмелі семинарымыз Жаңаөзен қаласында өз жалғасын тапты.

Семинар мақсаты: Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметті тиімді ұйымдастыру, зорлық-зомбылықтың алдын алуда, бала психологиясының даму кезеңдерін психоанализ бағытында талдауды жетілдіру.

Іс-шараға жалпы білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер (70-ке жуық маман) қатысты.

Жаңаөзен қаласы бойынша оқу-әдістемелік орталығының психология бойынша әдіскері Умарбаева Нұргүл Мұсақызы қатысушыларды семинардың тақырыбымен және мақсатымен таныстырып өтті.

Психологиялық қолдау бөлімінің жетекшісі Қойтанова Ғалия Күмбетбайқызы

- «Білім беру ұйымдарындағы зорлық-зомбылықты алдын алуда психологиялық қызметті ұйымдастыру» тақырыбымен және Арнаулы білім беру ұйымының педагог-психологы Көкебаева Назерке Амантайқызы

- «Тұлға дамуының психоанализ бағытындағы даму кезеңдері» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Шара соңында жалпы білім беру ұйымдарының мамандары QR код арқылы кері байланыстарын жасап, алғыстарын білдірді. 



Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойы аясында «Қазақстан ...

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары ...

2021 жылдың 28 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының арнайы және ...

"BILIMKIDS" платформасы ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық ...

Педагогтердің білім беру саласындағы ақпараттық-коммуникациялық ...

Орталықтың 2021 жылғы 04 қазандағы 12-нқ бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 22 қазан ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 21-25 қазан ...

19.10.2021ж күні облыстық математика пәні мұғалімдерінің қауымдастығының іс-шаралар ...

19.10.2021ж күні облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының PISA-2022 ...

2021 жылдың 19-шы қазанында Облыстық білім берудің әдістемелік орталығының ...