Орталық жаңалықтары

ҮЗДІК ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҮЗДІК ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында жаңалыққа жаны құштар, ізденімпаз, еңбекқор, өздерін үнемі жетілдіріп, шәкірт жүрегіне жол тауып жүрген маңғыстаулық педагогтерге ерекше құрмет көрсетілді.

Бүгін 15 желтоқсан күні Ақтау қаласындағы Достық үйінде облыс әкімі Н. Ноғаев облыстың үздік педагогтерімен кездесті.

Салтанатты шараға мемлекеттік органдар мен облыстық, республикалық білім беру ұйымдарының басшылары, республикалық және облыстық «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздары, мұғалімдік жолды таңдаған жас мамандар қатысты.

Кездесу барысында облыс әкімі Н.Ноғаев бүгінгі шараның Тәуелсіздік күні мерекесімен тұспа-тұс келіп отырғандығын атай келе, қонақтарды ұлы мерекемен құттықтады.

«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде: «Ұстаз – әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын тұлға. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі жұмыс. Сондықтан болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет»,- деген болатын.

Осыған байланысты елімізде «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданғанын білесіздер. Заңда педагогтің құқықтары, әлеуметтік кепілдіктері және шектеулері, міндеттері мен жауапкершілігі нақты бекітілді.

Кезең-кезеңмен педагогтерді ұдайы материалдық қолдау жүйесі қалыптасты. Соңғы төрт жылда жалақы 100 %-ға, біліктілік санаттары бойынша жалақы 50%-ға дейін өсті.

Халықаралық деңгейде оқушы дайындаған педагогке тиісті мемлекеттік білім беру ұйымының қызметі бойынша үнемдеу есебінен үш лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы сыйақы төленді.

Республикалық «Үздік педагог» конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпазына 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш және республикалық кезеңге қатысқан, бірақ оның жеңімпазы болмаған «Үздік педагог» конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпазына кемінде 300 еселенген мөлшерінде сыйақы тағайындалды.

Осының барлығы педагогтердің қоғамдағы мәртебесін көтеру үшін мемлекет тарапынан көрсетілген үлкен қолдау деп білемін.

Заман талабына сай білімі мен білігі, рухы мен мәдениеті озық мұғалімнің ғана шәкірт алдында беделі биік болары сөзсіз.

Облыста соңғы 10 жыл ішінде (2012-2022 жж.) үздік педагогтердің саны 35-ке жетті. Осындай педагогтеріміздің қатары жыл сайын толығып келе жатқаны көңіл қуантады», - деді облыс әкімі Н.Ноғаев.

Шара соңында 2022 жылдың «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздарына Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хаты, облыстың үздік педагогтеріне 300 АЕК көлеміндегі ақшалай сыйлық сертификаттары табысталды.

Сонымен қатар барлық үздік педагогтерге облыс әкімі Н.Ноғаевтың құттықтау хаты тапсырылды. 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=


2021 жылдың 1 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының арнайы және ...

2021 жылдың 30 қыркүйек күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының арнайы және ...

2021 жылдың 30 қыркүйек күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының арнайы және ...

2021 жылдың 23 қыркүйек күні облысымыздағы қосымша білім беру ұйымдары қатысуымен ...

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні облысымыздағы техникалық және кәсіптік білім ...

2021 жылдың 23 қыркүйек күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының арнайы және ...

Математика пәні мұғалімдерінің қауымдастығының жоспарына сәйкес 20.09.2021ж күні ...

Пермь университетінде атыс салдарынан қаза болғандардың туыстары мен ...

2021 жылдың 18 қыркүйек күні PIRLS-2021 халықаралық зерттеуіне дайындық жұмысын ...

Бүгін, 17 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы халқының тілдері күні мерекесі ...