Орталық жаңалықтары

Облыстық «Математикалық регата» олимпиадасы өтті.

Маңғыстау облысының білім басқармасы «Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының» іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2022 жылдың 2 наурыз күні Мұнайлы ауданы №12 жалпы білім беру мектебінің базасында облыстық «Математикалық регата» олимпиадасы өткізілді.

Педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын арттыру мақсатында ұйымдастырылған олимпиадаға аудандық, қалалық кезеңдерінен жеңімпаз атанған 10 команда (құрамы 4 адамнан) қатысты.

Олимпиада төрт кезеңнен өтті, әр кезең – үш тапсырманың ұжымдық шешімінен тұрады. Соңғы кезеңде - республикалық олимпиадаға қатысушылар іріктелді.

Қазылар алқасы қатысушылардың шешімдерін саралап, қорытындысында:

І орын – Түпқараған ауданы «Радиан» тобы (мүшелері: Нұржігіт Нұрболат Нұржігітұлы, Мендыгалева Зауре Тұрғанбайқызы, Көшенова Гулназ Ізтаңатқызы, Жеткізгенова Айман Абидоллақызы);

ІІ орын – Бейнеу ауданы «Geogebra» тобы (Джубанов Кабай Нураханович, Идрейсова Жанар Багтовна, Суймухамедов Тойгали Нурадинович, Айжарыкова Жәмила Рамазанқызы);

ІІІ орын – Ақтау қаласындағы Білім инновация лицей-интернаты (мүшелері: Жаппар Қуаныш Жақсылықұлы, Нурбаев Аслан Бауыржанович, Жамилов Аймырза Умиржанович) иеленді.

Жеке тапсырмаларды орындау бойынша Нұржігіт Нұрболат Нұржігітұлы, Ережепова Наргиза Уайисовна, Омар Шаяхмет Марданович, Абдуллаев Джембай Романович жоғары нәтиже көрсетіп, Атырау қаласында өтетін республикалық олимпиадаға жолдама алды.

Қатысушыларды жеңістерімен құттықтап, республикалық кезеңге қатысушыларға сәттілік тілейміз! 

title=title=title=title=title=title=


Ағымдағы жылдың  20 қаңтар күні Маңғыстау облысының математика пәні мұғалімдері ...

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы № ...

2019 жылы білім басқармасының бұйрығымен үздік педагогтердің озық тәжірибелерін ...

...

- Республикалық «Мамандықтар әлемін ашамыз» форумының облыстық кезеңі – 2021 ...

Балаларға қосымша білім беру - үздіксіз білім берудің ажырамас бөлігі, салауатты ...

Бүгін ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында төменде көрсетілген ...

Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының (бұдан әрі – ...