Педагог-психологтарға онлайн вебинар өтті
Педагог-психологтарға онлайн вебинар өтті
2022 жылдың 9 - 12 қыркүйек күндері «Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері, нормативтік-құқықтық құжаттары» тақырыбында облыстық онлайн вебинар өтті.
Вебинарға барлық білім беру ұйымдарының (230) педагог-психологтары қатысты. Вебинар барысында орталық директорының тәрбие жөніндегі орынбасары А. Мамаева білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтардың жұмысын реттейтін нормативтік құжаттарымен, ал, Психологиялық қолдау бөлімінің жетекшісі Г. Койтанова «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 377 бұйрығымен таныстырды.
Сонымен қатар, вебинарда осы орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын іске асыру аясында педагог-психологтар пайдалана алатын басқа да ресурстар қарастырылатындығы жөнінде атап өтілді.
Тыңдаушылар теориялық білім алып қана қоймай, өздерінің ұсыныс пікірлерімен бөлісті.
Ағымдағы жылдың 20 қаңтар күні Маңғыстау облысының математика пәні мұғалімдері ...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы № ...
2019 жылы білім басқармасының бұйрығымен үздік педагогтердің озық тәжірибелерін ...
...
- Республикалық «Мамандықтар әлемін ашамыз» форумының облыстық кезеңі – 2021 ...
Балаларға қосымша білім беру - үздіксіз білім берудің ажырамас бөлігі, салауатты ...
Бүгін ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында төменде көрсетілген ...
Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының (бұдан әрі – ...