Орталық жаңалықтары

Үздік мектеп кітапханашылары анықталды


Білім басқармасының «Балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тарту, кітап оқуды насихаттау және «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясындағы 2021-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай Білім берудің оқу-әдістемелік орталығында 2023 жылдың 29 қарашасы күні облыстағы жалпы білім беретін мектептердің кітапханашылары арасында «Үздік мектеп кітапханашысы» облыстық қашықтық байқауы өтті.

Мектеп кітапханашыларының шығармашылық бастамаларын дамыту және ынталандыру мақсатында өткен бұл байқауға 6 кітапханашы қатысты.

Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар жолдаған жұмыстар 3 бөлім бойынша қаралды:

- электронды портфолио;

- бейнеролик түріндегі электронды таныстырылым;

- Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына арналған іс-шараның бейнежазбасы.

Барлық бөлім бойынша ортақ ұпай шығарылып, төмендегідей жеңімпаздар анықталды.

І орын: Аймурзаева Жанар Жолдасқызы, Маңғыстау ауданы Қаратөбе жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы;

ІІ орын: Таласбай Сағынқан Жетібайқызы, Қарақия ауданы № 9 бастауыш мектебінің кітапханашысы;

ІІІ орын: Болеева Айгүл, Түпқараған ауданы З. Баймырзаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

title=title=


Ағымдағы жылдың  20 қаңтар күні Маңғыстау облысының математика пәні мұғалімдері ...

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы № ...

2019 жылы білім басқармасының бұйрығымен үздік педагогтердің озық тәжірибелерін ...

...

- Республикалық «Мамандықтар әлемін ашамыз» форумының облыстық кезеңі – 2021 ...

Балаларға қосымша білім беру - үздіксіз білім берудің ажырамас бөлігі, салауатты ...

Бүгін ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында төменде көрсетілген ...

Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының (бұдан әрі – ...