Орталық жаңалықтары

«Үздік кітап оқитын» мектеп анықталды

Бүгін, 15 ақпан күні жалпы білім беретін мектептердің кітапханаларының заманауи ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, қызметін қолдау және ынталандыру мақсатында «Үздік кітап оқитын мектеп» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Қашықтан өткізілген бұл байқауда аудандық, қалалық кезеңнен іріктелген 6 мектептің жұмысы қаралды.

Қатысушылар ұсынған ақпараттық анықтама мен кітапхана жұмысын иллюстрациялайтын бейнероликтерді, сондай-ақ қосымша ұсынылған мәліметтерді ескере отырып, белгіленген критерийлер бойынша байқау қорытындысы шығарылды. Үміткерлерге ZOOM қосымшасы арқылы сұрақтар қойылды.

Байқау нәтижесінде:

І орынды Қарақия ауданының №9 бастауыш мектебі (кітапханашысы – Таласбай Сағынқан Жетібайқызы),

ІІ орынды Бейнеу ауданының Күйкен жалпы білім беретін мектебі (кітапханашысы – Аманова Нұрсұлу),

ІІІ орынды Мұнайлы ауданының №10 жалпы білім беретін мектебі (кітапханашысы – Кульчикова Тамара Шараевна) иеленді.

Байқауға қатысушылардың барлығына сертификаттар табысталды.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз! 

title=title=title=title=title=title=


Маңғыстау облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен 2020 жылғы 12-23 қараша ...

Облыстық оқу – әдістемелік және қосымша білім беру орталығының  іс- шаралар ...

Бүгін 10-шы қарашада облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім ...

Облыстық оқу – әдістемелік және қосымша білім беру орталығының  іс- шаралар ...

Облыстық оқу – әдістемелік және қосымша білім беру орталығының іс – ...

Облыстық оқу – әдістемелік және қосымша білім беру орталығының іс –шара ...

2020 жылы, 4 қараша күні сағат 15:00-де облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім ...

2020 жылдың 28 қыркүйек күні Республикалық «Айбын-2020» VI республикалық ...

2020 жылы, 22 қазан күні сағат 11:00-де облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім ...

Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары – ...