ОБЛЫСТЫҚ «ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ" БАЙҚАУЫ
Бүгін, 29 қараша күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, әлеуметтік педагогтер арасында «Үздік әлеуметтік педагог» облыстық сырттай байқауы өткізілді.
Байқау мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс жасайтын, кәсіптік біліктілігі жоғары әлеуметтік педагогтерді анықтау, қолдау және қоғамда әлеуметтік педагог мамандығының дәрежесін көтеру, білім беру жүйесінде әлеуметтік – психологиялық бағытты жетілдіру.
Байқауға аудан, қаладан 7 әлеуметтік педагог қатысты.
Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалай келіп, төмендегідей қорытынды шығарды:
І орын - Жанғожина Альбина Нұрбекқызы (Бейнеу ауданы, Опорный жалпы білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогі);
ІІ орын - Қоныршаева Гүлден Ғалымқызы (Түпқараған ауданы, Е. Өмірбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогі);
ІІІ орын - Жоламан Аида Қайратқызы (Қарақия ауданы, №9 бастауыш мектебінің әлеуметтік педагогі);
ІІІ орын - Айтбекова Гүлнұр Ерланқызы (Мұнайлы ауданы, №8 жалпы білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогі);
”Ізденімпаз әлеуметтік педагог” номинациясымен - Малаева Баян Әділханқызы (Ақтау қаласы, №11 лицейінің әлеуметтік педагогі);
”Шығармашыл әлеуметтік педагог” номинациясымен - Алкатаева Шолпан Кималадинқызы (Жаңаөзен қаласы, №13 дарын мектеп-лицейінің әлеуметтік педагогі);
”Үлгілі әлеуметтік педагог” номинациясымен - Жолдыбаева Шырын Батырбекқызы (Маңғыстау ауданы, Қаратөбе жалпы білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогі) марапатталды.
Жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз
2021жылы, 22 сәуір күні сағат 16:00-де көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған ...
Қазақстан Республикасында балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, ...
27.01.2021ж күні Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы ...
27.01.2021ж күні сағ 16.00-де облыстық математика пәні мұғалімдерінің қауымдастық ...
Ағымдағы жылдың 20 қаңтар күні Маңғыстау облысының математика пәні мұғалімдері ...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы № ...
2019 жылы білім басқармасының бұйрығымен үздік педагогтердің озық тәжірибелерін ...
...