ОБЛЫСТЫҚ ЖҮРМЕЛІ СЕМИНАР
2023 жылдың 19 қыркүйек күні «Зорлық-зомбылықтың және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуда бала психологиясының қалыптасу негіздері» тақырыбындағы облыстық жүрмелі семинарымыз Жаңаөзен қаласында өз жалғасын тапты.
Семинар мақсаты: Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметті тиімді ұйымдастыру, зорлық-зомбылықтың алдын алуда, бала психологиясының даму кезеңдерін психоанализ бағытында талдауды жетілдіру.
Іс-шараға жалпы білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер (70-ке жуық маман) қатысты.
Жаңаөзен қаласы бойынша оқу-әдістемелік орталығының психология бойынша әдіскері Умарбаева Нұргүл Мұсақызы қатысушыларды семинардың тақырыбымен және мақсатымен таныстырып өтті.
Психологиялық қолдау бөлімінің жетекшісі Қойтанова Ғалия Күмбетбайқызы
- «Білім беру ұйымдарындағы зорлық-зомбылықты алдын алуда психологиялық қызметті ұйымдастыру» тақырыбымен және Арнаулы білім беру ұйымының педагог-психологы Көкебаева Назерке Амантайқызы
- «Тұлға дамуының психоанализ бағытындағы даму кезеңдері» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шара соңында жалпы білім беру ұйымдарының мамандары QR код арқылы кері байланыстарын жасап, алғыстарын білдірді.
2021жылы, 22 сәуір күні сағат 16:00-де көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған ...
Қазақстан Республикасында балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, ...
27.01.2021ж күні Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы ...
27.01.2021ж күні сағ 16.00-де облыстық математика пәні мұғалімдерінің қауымдастық ...
Ағымдағы жылдың 20 қаңтар күні Маңғыстау облысының математика пәні мұғалімдері ...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы № ...
2019 жылы білім басқармасының бұйрығымен үздік педагогтердің озық тәжірибелерін ...
...