Орталық жаңалықтары

Хабарландыру! "Үздік педагог" конкурсы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, қосымша, арнайы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар педагогтерді анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Үздік педагог" конкурсы өткізілетінін хабарлайды.

Аудандық, қалалық кезеңі 8 – 21 тамыз аралығында, 7-14 тамыз аралығында құжаттарды жүктеу, 15-21 тамыз аралығында өңірлік комиссияның шешімі;

Облыстық кезеңі: 22 тамыз – 10 қыркүйек аралығында, 22 тамыз – 1 қыркүйек құжаттарды жүктеу, 2-10 қыркүйек аралығында өңірлік комиссияның шешімі;

Республикалық кезеңі: 11 қыркүйек – 18 қазан аралығында, 11 – 16 қыркүйек аралығында құжаттарды жүктеу, 23 қыркүйек – 18 қазан аралығында Республикалық комиссия мүшелерінің Конкурсқа қатысушылардың материалдарын қарауы, білім беру ұйымында күндізгі форматта конкурсқа қатысушы өткізетін сабақты/оқуды бағалауы өткізіледі.

«Үздік педагог» конкурсына құжаттарды жүктеу https://uzdikustaz-nobd.edu.kz/#/sign-in сайты арқылы жүргізіледі. 

title=


Семинар мақсаты: «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында әдістемелік ...

«Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ тәжірибесін трансляциялау бойынша ...