Орталық жаңалықтары

Республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтуде

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында сервис және қызмет көрсету саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік байқауы Маңғыстау облысындағы Маңғыстау туризм колледжі және Ақтау технологиялық колледжі базаларында 2021 жылдың 13 -29 желтоқсан аралығында өтуде.

2021 жылы 19 желтоқсан күні Маңғыстау туризм колледжі базасында 20 – 21 желтоқсанда қашықтықтан – күндізгі форматта өтетін «Наубайшы ісі» құзыреттілігі бойынша Алматы, Шымкент қалалары және 9 облыстан 14 қатысушының конкурс өтетін алаңдарының дайындығы тексеріліп, алаңдар қабылданды.

Байқау 20 желтоқсан күні Нұр – Сұлтан қаласының уақытымен 9.00-де басталып, 21 желтоқсан күні 17.30-да аяқталады.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!!! 

title=title=title=title=title=title=


Семинар мақсаты: «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында әдістемелік ...

«Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ тәжірибесін трансляциялау бойынша ...