«Үздік полиглот» онлайн байқауы өтті.
Облыстық жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің «Үздік полиглот» онлайн байқауы өтті.
Бүгін, ағымдағы жылдың 15 ақпаны күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің облыстық «Үздік полиглот» байқауы ұйымдастырылды. Қашықтан өткізілген байқауда аудандық, қалалық кезеңнен іріктелген 6 жаратылыстану пәні мұғалімдерінің жұмысы қаралды.
Байқауда ҚМЖ мен оның мақсатының орындалуы, YouTube (ютуб) Бейне платформаларына жүктелуі, ағылшын тілінде тіл мәдениетінің сақталуы, ағылшын курсы (А,В,С) сертификаттары, конференциялар, семинарларда сөз сөйлеуі, бұқаралық құралдарда материалдардың жариялануы, білім беру сапасын айқындау бойынша диагностикалық құралдардың болуы критерийлері бойынша жұмыстар бағаланды.
ZOOM қосымшасы арқылы әділ-қазылар әдістемелік көмек беріп, байқау бойынша ұсыныстар айтты. Қазылар алқасының шешімімен төмендегідей орындар берілді.
I орын: Аманчаева Ляззат Мұхамбетқалиқызы, Қарақия ауданының №5 жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі.
II орын: Абдуллаева Ақтолқын Құрманғазықызы, Ақтау қаласының №19 мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі.
III орын: Ералиева Гулжайна Буркталиқызы, Маңғыстау ауданының М.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернатының информатика пәні мұғалімі. Байқауға қатысушылардың барлығына сертификаттар табысталды.
Мектепке құжаттарды қабылдау және оқушыларды бір мектептен екіншісіне ауыстыру ...
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен ...
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру ...
Маңғыстау облысында балалардың жазғы каникулда бос уақытын тиімді ұйымдастыру ...
2020 жылдың 15-19 маусым аралығында <Назарбаев Зияткерлік мектептері> ДББҰ Пшо ...
Ағымдағы жылғы 22 мамыр күні «Қылмыстың алдын алу ортақ міндет» ...
Халықаралық балаларды қорғау күні аясында өтетін «БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН» ...
«БІЗ БАРЛЫҚ ОТБАСЫМЫЗБЕН БИЛЕЙМІЗ, ТІГЕМІЗ, СУРЕТ САЛАМЫЗ ЖӘНЕ ӘН ...
Қосымша білім беру ұйымдарының әкімшілік құрамымен жаз мезгілінде қашықтықтан ...