Орталық жаңалықтары

«TopIQ.kz платформасында электрондық оқулықтарды пайдалану мүмкіндіктері» тақырыбындағы облыстық семинар өтті

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, әдістемелік қолдау көрсету және іс-тәжірибе тарату мақсатында 2024 жылдың мамыр айының 15 күні Ақтау қаласы №23 жалпы білім беретін мектеп базасында облыс көлеміндегі жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып, математика, география, информатика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты - Жаңа педагогикалық идеялар мен білім беру технологияларын пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушылар шығармашылығын дамыту, білім сапасын арттыру.

Семинарға әр аудан/қаладан және облыстық білім беру ұйымдарының бастауыш сынып, математика, география, информатика пәні мұғалімдері қатысты.

Семинарда аудан/қаладан 4 баяндамашы тәжірибелерімен бөлісті:

1. Деменова Айдана Мұханбетқызы, Маңғыстау ауданы, А.Меңдалыұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектептің математика пәні мұғалімі «Математика сабағындағы саралау тапсырмалары»;

2. Джумагулова Сагира Иденгеновна, Ақтау қаласы, №1 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі «Перенос слов»;

3. Назар Сымбат Нұрғалиқызы, Ақтау қаласы, №23 жалпы білім беретін орта мектептің география пәні мұғалімі «Елдің мекенжайын қалай білуге болады?»;

4. Собалакова Баян Жумашевна, Ақтау қаласы, №16 жалпы білім беретін орта мектептің информатика пәні мұғалімі «Мәтіндік процессордағы кестелер».

Вебинарда педагогтер іс-тәжірибе алмасып, cұрақ-жауап қойып, пікірлерімен бөлісті. 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=