Орталық жаңалықтары

«Басқару және көшбасшылық» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2022 жылғы 16 қыркүйек күні «Басқару және көшбасшылық» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының (бұдан әрі – Орталық) жоспарына сәйкес, кәсіби біліктілігі жоғары педагогтердің әлеуетін көтеру, тәжірбие мен нәтиже арқылы пәндерді оқытудың өзекті мәселелерін шешу және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындау мақсатында 2022 жылғы 16 қыркүйек күні Ақтау қаласындағы №19 мектеп гимназиясында облыстық пән мұғалімдері Қауымдастығының жетекшілеріне семинар өтті.

Орталық директоры Үмбетова Жаңагүл Жұмахметқызы семинарға аудандық, қалалық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының директорлары, облыстық пән мұғалімдері Қауымдастығының жетекшілері, тәрбие жөніндегі орынбасарлар мен әлеуметтік педагогтардан құрылған жұмыс тобының және психологиялық кеңес қызметінің жетекшілері, Орталықтың әдіскерлері, барлығы 53 адам қатысып отырғандығын айтты.

Сонымен қатар, қатысушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, күн тәртібімен таныстырды.

Орталықтың бөлім жетекшісі Г. Құспанғалиеваның «Мұғалімдерді кәсіби тұрғыда дамытуды қауымдастық қызметінің маңыздылығы»,

облыстық «Үздік педагогтер» қауымдастығының жетекшісі Д. Бегейбайдың «Шәкірт жеңісі-ұстаз жемісі»,

облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің қауымдастығының жетекшісі З. Алдабергенованың «Нәтижеге бағытталған еңбек үрдісіндегі қауымдастықтың ролі»,

облыстық математика пәні мұғалімдерінің қауымдастығының жетекшісі Ж. Диханованың «Математика пәні мұғалімдерінің теориялық білімін дамытудағы қауымдастықтың ролі» тақырыптарындағы баяндамалары тыңдалып, Қауымдастық жетекшілері арасында тәжірибе алмасты.

Маңғыстау гуманитарлық колледжінің педагог-психологы, облыстық психологиялық кеңес қызметінің мүшесі Х. Мүсрепова «Көшбасшы болуға ұмтыламыз» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырды.

Ж. Жұмахметқызы облыстық «Жас мамандар» қауымдастығының жетекшісі Қаниев Маратпен таныстырып, «Жас мамандарды қолдау – сапалы білім берудің кілті» тақырыбында сөз берді.

Қауымдастық жетекшілері өзара сұрақтар қойып, пікір алмасып, алдағы оқу жылындағы жұмыстарының бағыттарын айқындады

Қауымдастық жұмысын жүргізу барысында қойылған сұрақтарға Орталық директорының орынбасары Ж. Жеткізгенқызы жауап беріп, шешу жолдарымен бөлісті.

Семинар соңында Ж. Жұмахметқызы қауымдастықты басқаруда және көшбасшылық жолында елеулі еңбектері үшін Орталықтың алғыс хатымен 17 қауымдастық жетекшілерін марапаттап, барлық Қауымдастық жұмыстарына сәттілік тіледі. 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=


«Әлем тарихында білім-ғылымды басты орынға қойып, дамудың даңғыл жолына түскен, ...

«Мұғалімнің құқығын қорғау мәселесі әрдайым басты назарда болуға тиіс. Мен сөз ...

«Білім тәрбиемен ұштасқанда ғана берекелі, сапалы болады. Білім мен тәрбие – кез ...

«Биыл білім беру саласына 13 мыңнан астам грант бөлінді. Педагог мамандығы ...

«Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Мектептің жаны – мұғалім» деген. Біз өркениетті ...

«Ең алдымен, баршаңызға дәстүрлі Тамыз конференциясының ашылуы құтты болсын! ...

2025 жылғы 14 тамыз күні Балаларды ерте дамыту институтының 07.08.2025 жылғы 01-04-372 ...

Тамыз конференциясы-2025: «Әдістемелік орталықтар: дамудың жаңа парадигмасы» ...

Мемлекет басшысы халықаралық жарыстарда топ жарып, алтын, күміс және қола медаль ...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадалары ...