«Электротехниканың теориялық негіздері» пәні бойынша болыстық олимпиада
2022 жылдың 24 ақпан күні «Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдаструыменен Маңғыстау энергетикалық колледжі базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен білім беру ұйымдарында оқытылатын «Электротехниканың теориялық негіздері» пәнінен колледж студенттері арасында олимпиада өтті. Оған 13 колледжден 25 студент қатысты. Олимпиада физика бағыты бойынша 1-2 курс студенттері арасында өткізілді.
Офлайн режимінде өткен олимпиада екі кезеңнен тұрды: І – ші кезең (тест сұрақтары), ІІ - кезең (есеп шығару.)
Олимпиаданың негізгі міндеттері:
-студенттердің білімдерін жетілдіру мен тереңдету;
-студенттің зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Колледж директоры Абдуллаев Кадирбек Батешұлы алғы сөз сөйлеп, студенттерге сәттілік тіледі.
Сарапшыларды Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің «Энергетика және транспорт» кафедрасының доценті Ержанов Кали Шаймерданович және Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің «Іргелі ғылымдары» кафедрасының профессорының м.а, Физика-математика ғылымдарының кандидаты Казбекова Бейсенкуль Козбагаровна құрады.
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2026 ...
Орталықтың 2026 жылғы 19 мамырдағы №198 нқ бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 22 мамыр ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған іс-шаралар ...
2026 жылғы 21 мамыр күні Алматы қаласы Білім басқармасы «Алматы дарыны» ...
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Цифрландыру және жасанды интеллект ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 18 ...
2026 жылғы 15 мамыр күні Ақтау қаласындағы «Білім-инновация лицейінде» «Берекелі ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 17.04.2026 жылғы №164 нқ бұйрығына сәйкес, ...
Бүгін меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке ...
2026 жылғы 12 мамыр күні облыстық сараптамалық кеңестің ІІ отырысы өткізілді. ...



















