«Креативті идеялар» конкурсының облыстық кезеңі өтті.
2025 жылдың 26 ақпан күні облыстық Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қауымдастығының 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ақтау қаласының №32 жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Креативті идеялар» конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Конкурстың мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда инновациялық тәсілдерді пайдалануды қолдау, үздік идеяларды анықтау, пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін дамыту және шығармашылық әлеуетін көтеру.
Конкурстың ережесіне сай 5 бағыт бойынша аудан, қалалардан «үздік» деп ұсынылған жұмыстар қабылданды.
Конкурсқа қатысушылар бес бағыт бойынша келесідей орындарды иеленді.
1. «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолданылатын тиімді инновациялық әдіс-тәсілдер» бағыты:
І орын – Амалова Ақжүніс Оспанқызы (Түпқараған ауданы Ғұбайдолла Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейі);
ІІ орын – Тұрсынбаева Жазира Есенбайқызы (Ақтау қаласы №30 жалпы білім беретін мектеп);
ІІІ орын – Сарсенбаева Айдана Серікбайқызы (Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернат), Андирова Зоя Сәндібайқызы (Бейнеу ауданы Үстірт жалпы білім беретін мектебі), Қадырханова Салтанат Сайлауқызы («Қыран» ұлттық мектеп-гимназиясы;
2. «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстар, іс-шаралар» бағыты:
І орын - Таңбаева Гүлшат Жаңбырбайқызы (Мұнайлы ауданы №10 жалпы білім беретін мектеп);
ІІ орын – Өнербаева Ақбике (Жаңаөзен қаласы №17 жалпы білім беретін мектеп), Тініқұлова Жанар (Ақтау қаласы ІТ мектеп-лицей);
ІІІ орын – Ержанова Әйгерім Ержанқызы (Бейнеу ауданы Боранқұл жалпы білім беретін мектебі), Қанжан Гүлшат Тәуірханқызы (Түпқараған ауданы Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназия), Қабылов Мұса Мұратұлы (Қарақия ауданы №7 жалпы білім беретін мектеп);
3. «Сабақта АКТ қолдану арқылы нәтижелі білім берудің оң қадамдары» бағыты:
ІІ орын - Аңшыбаева Әмина Берекетқызы (Ақтау қаласы Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі);
ІІІ орын – Жұмашева Фариза Жақсылыққызы (Қарақия ауданы №3 жалпы білім беретін мектеп), Күмісбай Орынтай Күмісбайқызы (Түпқараған ауданы Е.Өмірбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп);
4. «Білім сапасын арттыруға бағытталған авторлық жобалар» бағыты:
І орын – Советова Меруерт Нұрболатқызы (Ақтау қаласы «JOO High School» жекеменшік мектебі);
ІІ орын – Піржанова Жадыра Нажимқызы (Мұнайлы ауданы №3 жалпы білім беретін мектеп);
5. «Авторлық бағдарламаны сабақ үрдісінде қолданудың әдістері» бағыты:
І орын – Ауданбаева Қамар Тұмашқызы (Ақтау қаласы №24 жалпы білім беретін мектеп);
ІІ орын – Тұрбаев Оразбек (Мұнайлы ауданы №11 жалпы білім беретін мектеп).
Конкурс жеңімпаздарын жетістіктерімен құттықтаймыз!
"Жұмысша мамандықтар жылы" аясында жаңа технология мен достықты ұштастырып, ...
Бүгін, 1 маусым күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің, ...
2025 жылдың 28 мамыр күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №32 жалпы ...
2025 жылғы 22-23 мамыр күндері Балаларды ерте дамыту институтының және Білім ...
Халықаралық конференция өтті 2025 жылғы 22 мамыр күні «Жұмысшы мамандықтар ...
2025 жылғы 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы №31 жалпы білім беретін мектебінде ...
Бүгін, 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы ...
2025 жылғы 20 мамырда “Жұмысшы мамандықтар жылы” жоспарына сәйкес, Х.Өзбекғалиев ...
Колледж педагогтері кәсіби дағдыларын сынға салды «Жұмысшы мамандықтар ...