Орталық жаңалықтары

«Математикалық прогрессия» байқауының облыстық кезеңі басталды. (1ші күн)

31 қазан 2023ж. күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ақтау қаласының «Meta school» мектебінде «Математикалық прогрессия» байқауының облыстық кезеңі басталды.

Байқаудың мақсаты: математика пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету, педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді таныту, мұғалімдердің өз пәні бойынша білімдерін жетілдіру үшін үздіксіз біліммен қамтамасыз ету.

Байқауда 25 ҰБТ және 5 олимпиада есептері берілді.

Білім додасына 76 математика пәні мұғалімдері қатысты.

Байқаудың қорытындысы 01.11.2023ж. күні шығады. Қатысушыларға сәттілік! 

title=