Орталық жаңалықтары

«Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары» тақырыбында облыстық семинар

«Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары» тақырыбында облыстық семинар

Ағымдағы жылдың 28 наурыз күні облыстық мобильді топтың іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ақтау қаласының № 6 жалпы білім беретін мектебінде, «Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Мақсаты: Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту аясында басшылардың мектепке дейінгі ұйымды басқарудың жаңашыл әдістерін қолданудағы кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Аталган шараға аудан, қалалардың мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарының директорлары (70 педагог) катысты.

Өз іс-тәжірибесімен бөліскен мамандар:

«Жол картасы аясында атқарылған жұмыстар» - Қиянова Гаухар Орынбасарқызы, Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының мектепке дейінгі және бастауыш білім бөлім жетекшісі;

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру жолдары» - Жұмағалиева Нұрзина Олжабайқызы, Мұнайлы ауданы, № 11 «Шағала» бөбекжайының меңгерушісі;

«Әріптестік қарым – қатынас» тренинг - Канимбетова Салиха Абдуғалиқызы, №39 «Хиуаз» бөбекжайының психологі;

«Мектепке дейінгі ұйым басшысының кәсіби қызметін жаңарту» -Шортанова Жазира Қылышбекқызы, Түпқараған ауданы, «Алма» жекеменшік балабақшасының меңгерушісі;

«Балабақшадағы заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру ерекшеліктері. ECERS шкаласы бойынша білім беру ортасын бағалау» - Нұрмұханова Мереке Тұрсынқызы, Ақтау қаласы, № 4 «Аққу» бөбекжайының меңгерушісі;

«Мектеп пен бөбекжай сабақтастығы» - Жұмабаева Жеміскүл Жеткізгенқызы, Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы директордың орынбасары.

Қатысушылар тренингтерге белсене қатысып, ұжымдық тапсырмаларды бірге орындады.

Спикерлер кері байланыс жүргізіп, қатысушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Семинар соңында спикерлерге оқу-әдістемелік орталығының сертификаттары табысталды. 

title=