Орталық жаңалықтары

«Музей – тарих, музей – тағылым» тақырыбында облыстық семинар өтті

2024 жылдың 29 мамыры күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ақтау қаласы М. Әуезов атындағы № 20 жалпы білім беретін мектебінде «Музей – тарих, музей – тағылым» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Мұхтар Әуезовтің есімін ұлықтау, Ұлы жазушының мол мұрасын көпшілікке дәріптеу, насихаттау мақсатында өткізілген семинарға облыстағы жалпы білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен директордың орынбасарлары, барлығы 50 педагог қатысты.

Маңғыстау облыстық Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы Тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Жайлаубаева Жансая Төребайқызы алғы сөз сөйлеп, семинарды ашты.

Семинардың алғашқы бөлімінде М. Әуезов атындағы № 20 жалпы білім беретін мектебінің музей жетекшісі М. Шопанқызы «Дәуірдің дара тұлғасы» тақырыбында баяндама оқып, Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің музейін таныстырды. Қонақтар қаламгердің өткен өміріне көз жүгіртіп, жәдігерлері мен еңбектерін тамашалап, көптеген мағлұмат алды.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Құттыбай «Заманының заңғар жазушысы» тақырыбында TEDX форматта баяндама жасап, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында атқарылып жатырған жобалар мен жұмыстарға тоқталды.

Бұдан соң шара «Бала Мұхтардан, дана Мұхтарға дейін...» көрінісімен жалғасын тапты. Одан кейін «Әлем таныған Әуезов» тақырыбында сахналық қойылым көрсетіліп, М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында суреттелген Абайдың Ділдәнің ауылына алғаш барған сәтін тамашалады. Қойылымда қазақтың салт-дәстүрлері, әсіресе ұрын бару дәстүрі керемет сахналанды. Қонақтар мектеп ұстаздары мен оқушыларының актерлік шеберлігіне тәнті болды.

Семинар соңында мектептің әжелер ансамблі Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады.

Облыстық шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Ақтау қалалық оқу-әдістемелік орталығына, мектеп директорының міндетін атқарушы Смағұлова Тілектес Қаршығақызына және мектеп ұжымына алғыс білдіреміз. 

title=title=


Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «ІТ саласының ...

2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Өңірлік білім беруді дамыту ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік ...

2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар жоспарларына сәйкес, облыстық «Тәрбиеші болу бір бақыт!» жас ...

2024 жылдың 27 мамыр күні «Mediana Services Limited» ЖШС орталығында қосымша білім беру ұйымдарына арналған «Zerek.edus.kz» платформасын түсіндіру ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 24 мамыр күні "Мектепішілік бақылау: мақсат, жұмыс, нәтиже" тақырыбында облыстық семинар ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық атаулы «Шыңдалу мектебінің» негізін қалаушы, ҚР Халық ағарту ...

Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Маңғыстау облысының ағылшын тілі пәні мұғалімдері қауымдастығының 2024 жылға арналған іс- шара жоспарына сәйкес, ...

 Бүгін, 23 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Арнайы мектепте ерекше білім беру ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылғы 22-мамыр күні Ақтау қаласы, Н.Марабаев атындағы №7 жалпы білім ...