Орталық жаңалықтары

«Оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудағы кітап оқудың тиімділігі» тақырыбында облыстық вебинар өтті

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының және облыстық мектеп кітапханашылары қауымдастығының іс-шаралар жоспарларына сәйкес, 2024 жылдың 28 наурызы күні ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта «Оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудағы кітап оқудың тиімділігі» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Вебинарға аудандық, қалалық оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері мен мектеп кітапханашылары, барлығы 75 адам қатысты.

Ақтау қаласы IT мектеп-лицейінің кітапхана меңгерушісі Утепбаева Назгүл Оразалиевна «Жасөспірімдерді кітап оқуға қызықтыру жолдары»;

Жаңаөзен қаласы №1 жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы Токтасинова Хыдыр Билтеновна «Оқырманға қызмет көрсету сапасын арттырудағы жаңашылдық»;

Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жаңабергенова Мейрамгүл Сакидоллақызы «Оқытудың визуалды әдістерін қолдану арқылы оқуға құштар оқушы қалыптастыру»;

Маңғыстау ауданы Қаратөбе жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы Аймурзаева Жанар Жолдасқызы «Мектеп кітапханасы – ақпараттық алаң» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Көркем әдебиеттерді оқыту арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды кітап оқу арқылы жүзеге асыру мақсатында өткізілген вебинар соңында қатысушылар ұсыныс-пікірлерін айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. 

title=


Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «ІТ саласының ...

2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Өңірлік білім беруді дамыту ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік ...

2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар жоспарларына сәйкес, облыстық «Тәрбиеші болу бір бақыт!» жас ...

2024 жылдың 27 мамыр күні «Mediana Services Limited» ЖШС орталығында қосымша білім беру ұйымдарына арналған «Zerek.edus.kz» платформасын түсіндіру ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 24 мамыр күні "Мектепішілік бақылау: мақсат, жұмыс, нәтиже" тақырыбында облыстық семинар ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық атаулы «Шыңдалу мектебінің» негізін қалаушы, ҚР Халық ағарту ...

Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Маңғыстау облысының ағылшын тілі пәні мұғалімдері қауымдастығының 2024 жылға арналған іс- шара жоспарына сәйкес, ...

 Бүгін, 23 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Арнайы мектепте ерекше білім беру ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылғы 22-мамыр күні Ақтау қаласы, Н.Марабаев атындағы №7 жалпы білім ...