Орталық жаңалықтары

«Психологиялық қызметтің тиімді жұмыс істеу моделі» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өтті.

2023 жылдың 13 қыркүйек күні 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Психологиялық қызметтің тиімді жұмыс істеу моделі» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өтті. Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметті тиімді ұйымдастыру, жұмыс жүргізетін мамандар арасында ынтымақтастық қалыптастыру мақсатында өткізілген семинар-практикумға білім беру ұйымдарынан 150-ге жуық тәрбие жөніндегі орынбасарлар, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер қатысты.

Семинар-практикум барысында:

Күйкішова Камшат Ғабитқызы, Маңғыстау ауданы А. Меңдалыұлы атындағы ЖББМ педагог-психологы

- «Білім беру ұйымдарында қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру»;

Қылышбаева Ақгүл Ордабайқызы, Ақтау қаласы Ф. Оңғарсынова атындағы №29 ЖББМ педагог-психологы

- «Педагогтердің кәсіби құлдырауының алдын-алу»;

Ермағанбетова Жанар Сұлтансиыққызы, Жаңаөзен қаласы №6 ЖББМ педагог-психологы

- «Педагогтерге арналған мектеп жағдайындағы стигматизация теориясы және буллинг»;

Каримова Асылзада Бахитовна, Ақтау қаласы №8 ЖББМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

- «Оқушының дамуына тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен психологтың бірлескен жұмысының нәтижесі»;

Қойтанова Ғалия Күмбетбайқызы, Психологиялық қолдау бөлімінің жетекшісі

- «Форум театр» технологиясы білім беру ұйымдарындағы профилактикалық жұмыстың әдісі ретінде;

Көкебаева Назерке Амантайқызы, Арнаулы білім беру ұйымы, педагог-психологы

- «Зорлық-зомбылық болған жағдайда қалай әрекет ету керек?» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар-практикум соңында қатысушылар кері байланыс беріп, ұйымдастырушылар мен спикерлерге алғыстарын білдірді. 

title=title=title=title=title=title=title=title=


Кәмелетке толмаған бала нені білуі керек? Егер Сіз балалар тарапына жасалған ...

2024 жылғы 13 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылдың 13 қыркүйек күні «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ...

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

Бүгін, ағымдағы жылғы 12 қыркүйек күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен ...

2024 жылғы 10 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі балалары бар ұлтаралық ...

2024 жылғы 09 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптар ...

Бүгін, 4 қыркүйек күні Бірінші вице-министр Н.В.Жұмаділдаеваның ұйымдастыруымен ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен ағымдағы жылдың 3 ...