Орталық жаңалықтары

«Пікірсайыс –болашақ ел тізігінін ұстайтын элиталарды тәрбиелеуші құрал» тақырыбында семинар өтті

«Пікірсайыс –болашақ ел тізігінін ұстайтын элиталарды тәрбиелеуші құрал» тақырыбында семинар өтті

Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылы 14 ақпан  күні «Пікірсайыс –болашақ ел тізігінін ұстайтын элиталарды тәрбиелеуші құрал» тақырыбында семинар өтті. 

Қоғамда орын алатын мәселелерді жариялы талқылау арқылы білім алушылардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру  мақсатында өткен семинарға   техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы дебат клубтарының мүшелері (студенттер) мен жетекшілері барлығы 60-қа жуық адам қатысты. 

Облыстық  семинарда төмендегі спикерлер: 

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ІІ курс студенті   Тұрлыбекова Алмат Асқарұлы «Пікірсайыс кіріспесі»;

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Кисбаев Юсуф «Студенттердің белсенділігін арттыру алгоритмі»;

Жас қанат мектеп-лицейінің оқытушысы Еділбаев Ернар Әділбайұлы «Жетістікке жету жолдары» тақырыптарында TedX форматында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Шара соңында М.Тынышпаев атындағы Ақтау көлік колледжінің «Шарайна» дебат клубы мен Каспий өңірі «Болашақ» колледжінен «Ой-зерек» дебат клубынан құралған командалар арасында  «Жастарға ең керегі рухани құндылық емес, материалдық қажеттілік деп есептейді» тақырыбында дебаттық кездесу ұйымдастырылды.

Дебаттық ойынның нәтижесі төрағалар тарапынан талқыланып, командалардың ойын барысындағы кемшіліктерімен жетістіктеріне  тоқталды..

Семинар соңында  қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты. 

title=


Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «ІТ саласының ...

2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Өңірлік білім беруді дамыту ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік ...

2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар жоспарларына сәйкес, облыстық «Тәрбиеші болу бір бақыт!» жас ...

2024 жылдың 27 мамыр күні «Mediana Services Limited» ЖШС орталығында қосымша білім беру ұйымдарына арналған «Zerek.edus.kz» платформасын түсіндіру ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 24 мамыр күні "Мектепішілік бақылау: мақсат, жұмыс, нәтиже" тақырыбында облыстық семинар ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық атаулы «Шыңдалу мектебінің» негізін қалаушы, ҚР Халық ағарту ...

Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Маңғыстау облысының ағылшын тілі пәні мұғалімдері қауымдастығының 2024 жылға арналған іс- шара жоспарына сәйкес, ...

 Бүгін, 23 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Арнайы мектепте ерекше білім беру ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылғы 22-мамыр күні Ақтау қаласы, Н.Марабаев атындағы №7 жалпы білім ...