Орталық жаңалықтары

Бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық олимпиадасы өтті.

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 30.03.2022 жылғы №50 бұйрығына сәйкес ,2022 жылдың 29 сәуір күні Ақтау қаласы,N23 жалпы білім беретін мектеп базасында бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға аудан, қаладан 7 бастауыш сынып мұғалімі қатысты.

Олимпиада төмендегі бағыттар бойынша өтті.

1. «Үздік оқыту технологиясы» тақырыбында презентациясы

Сайысқа қатысушы мұғалім білім сапасының артуына,оқушының жан – жақты дамуына септігі тиетін тың идея,жаңалықты жоба түрінде ұсынды.

2. Функционалды сауаттылық – білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары.

3. Берілген оқу мақсатына сәйкес қысқа мерзімді жоспар жасақтау.

Қатысушалардың жұмыстарын сараптап әділқазылар төмендегідей шешім шығарды.

І орын -Маңғыстау ауданы,Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сейдалиева Айгүл Жаңабайқызы;

ІІ орын – Ақтау қаласы,№13 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Қалдан Ләззат Аманғалиқызы;

ІІ орын – Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қилыбаева Жадыра Сағидоллақызы;

ІІІ орын – Жаңаөзен қаласы №10 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жұмаханова Гүлдана Бекқалиқызы;

ІІІ орын –Түпқараған ауданы,Шахта орта мектебін бастауыш сынып мұғалімі Исаева Жанна Айжарыққызы орталықтың дипломдарымен марапталды. 

title=title=title=title=title=


Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2026 ...

Орталықтың 2026 жылғы 19 мамырдағы №198 нқ бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 22 мамыр ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған іс-шаралар ...

2026 жылғы 21 мамыр күні Алматы қаласы Білім басқармасы «Алматы дарыны» ...

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Цифрландыру және жасанды интеллект ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 18 ...

2026 жылғы 15 мамыр күні Ақтау қаласындағы «Білім-инновация лицейінде» «Берекелі ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 17.04.2026 жылғы №164 нқ бұйрығына сәйкес, ...

Бүгін меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке ...

2026 жылғы 12 мамыр күні облыстық сараптамалық кеңестің ІІ отырысы өткізілді. ...