Орталық жаңалықтары

Мектепке дейінгі ұйымдарда құзіреттілік орталықтарын қалыптастыру» тақырыбында әдістемелік көрсету

20.02.2024 ж. Облыстық мобильдік топ жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі ұйымдарда құзіреттілік орталықтарын қалыптастыру» тақырыбында әдістемелік көрсету мақсатында Жаңаөзен қаласында №11 «Теңге» және «Ақмарал» бөбекжайларында семинар ұйымдастырылды.

Шара бағдарламасы бойынша Білім берудің оқу-әдістемелік орталық директордың орынбасары Жұмабаева Жеміскүл Жеткізгенқызы, «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығы бойынша мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне құжаттамаларды толтыру үлгілерін көрсетіп, құжаттамада жазу тәртібін айтып өтті.

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бөлімі әдіскері Тулеуғалиева Гүлайым Бектұрқызы бөбекжай педагогтеріне МДҰ оқу-тәрбие жұмыстарында басшылыққа алатын негізгі нормативтік құжаттар (№137, 557, 130, 236 бұйрықтар) тізімін көрсетіп, олардың педагогтердің жұмысын реттеуге қалай негіз болатындығын атап айтты. Сонымен қатар молбильдік топтың жұмыс мазмұнын, мақсаты мен міндеттерін хаюарлап, құзіреттілік орталықтары болып табылатын бөбекжайлардың сапасын арттыруға жұмыс жүргізетінін айтты.

Ақтау қаласы №33 «Әлия» бөбекжайының әдіскері , облыстық мобильді топ жетекшісі, Қарабатыр Инабат Қайратқызы, МДҰ НҚҚ басшылыққа ала отырып білім беру үдерісін табысты жоспарлаудың шарттарын айта отырып, педагогтермен тәжірибелік жұмыстар жасады.

Маңғыстау ауданы, Оқу-әдістемелік орталық әдіскері, аудандық мобильді топ жетекшісі Жалжанова Назгүл Қуантқанқызы «Мектепке дейінгі мекемелерде заттық дамытушы ортаны құру» тақырыбында бөбекжайда бала жастарын ескеріп топты безендіру, заттық ортаны құрудың тиімді жолдарын көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісіп, кеңес берді. 

title=title=title=title=title=title=


Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «ІТ саласының ...

2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Өңірлік білім беруді дамыту ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік ...

2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар жоспарларына сәйкес, облыстық «Тәрбиеші болу бір бақыт!» жас ...

2024 жылдың 27 мамыр күні «Mediana Services Limited» ЖШС орталығында қосымша білім беру ұйымдарына арналған «Zerek.edus.kz» платформасын түсіндіру ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 24 мамыр күні "Мектепішілік бақылау: мақсат, жұмыс, нәтиже" тақырыбында облыстық семинар ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық атаулы «Шыңдалу мектебінің» негізін қалаушы, ҚР Халық ағарту ...

Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Маңғыстау облысының ағылшын тілі пәні мұғалімдері қауымдастығының 2024 жылға арналған іс- шара жоспарына сәйкес, ...

 Бүгін, 23 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Арнайы мектепте ерекше білім беру ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылғы 22-мамыр күні Ақтау қаласы, Н.Марабаев атындағы №7 жалпы білім ...