Орталық жаңалықтары

Мұхаметжан Тынышпаевтың 145 жылдық мерейтойы аясында “Ұлт болашағы- ұлттық сана” тақырыбында облыстық пікірсайыс турнирі өтті.

Үстіміздегі жылдың 17 мамыры күні М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжінде Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхаметжан Тынышпаевтың 145 жылдық мерейтойы аясында “Ұлт болашағы- ұлттық сана” тақырыбында облыстық пікірсайыс турнирі өтті.

М.Тынышпаевтың еңбек жолын кеңінен таныту және педагогтардың кәсіби шеберліктері мен шығармашылық қабілеттерін шыңдау, колледждің ұстаздары арасында тәжірибе алмасып, нетворкингті арттыру болды мақсатында өткен турнирге облыстағы 14 колледжден 19 команда (38 қатысушы) қатысты.

Командаларға "Маңғыстау пікірталас Академиясының" мүшелері және дебат өнерінің облыс бойынша жанашыр қолдаушылары төрелік етті.

Турнирдің барлық кезеңдері Америкалық парламенттік формат (АПФ) бойынша екі айналымда өткізілді.

Дебаттық турнирдің нәтижесінде Х. Өзбекқалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі командасы - 1 орынды;

"Есенов колледжі" командасы 2 орынды;

Маңғыстау туризм колледжі - 3 орын иеленді.

Ал "Есенов колледжінің" педагогі Төлеген Наргизға - "Үздік ойыншы" номинациясына ие болды. 

title=