Орталық жаңалықтары

Облыстық «Алау» әскери - спорттық жастар сайысы

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Ақтау қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушылар арасында «Алау 2024» әскери-спорттық сайысының облыстық кезеңі өтті.

Сайыстың ашылу салтанатында Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының директоры Үмбетова Жаңагүл Жұмахметқызы мен Облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскерден тыс жұмыс және келісім шарт бойынша әскери қызметке қабылдау тобының бастығы лейтенант Бушиев Серік Асқарұлы қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – жастарға мәдени және әскери – патриоттық тәрбие беру жүйесін қалыптастыру, жастар арасында әскери – қолданбалы спорт түрін дамытуды насихаттау.

Облыстық «Алау – 2024» әскери-спорттық сайысына аудандық, қалалық кезеңінің жеңімпазы болған және облыстық мектептердің 12-14 жас аралығындағы оқушыларынан құралған 8 команда қатысты.

Сайысқа қатысушылар Саптық байқау, Ұлы Отан соғысы кезіндегі патриоттық әннің сахналанған, Белтемірде тартылу, Арқамен жатып денені жерден көтеріп түсіру, Тарихи-өлкетану зерттеу жобасын қорғау, Атыс даярлығы АК-74 қаруын шашып жинау бойынша сынға түсті.

Сайыстың қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, төмендегідей жүлделі орындармен марапатталды:

І орын – Ақтау қаласы, "Қайнар" командасы;

ІІ орын – Ақтак қаласы, "Жас теңізші" командасы;

ІІІ орын – Маңғыстау ауданы "Ұшқын" командасы;

Сайысқа қатысушы қалған командаларға Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының арнайы сертификаттары табысталды.

Сайыстың барлық қатысушыларына сәттілік тілей отырып, жеңімпаздарды жеңісімен құттықтаймыз! 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=


Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «ІТ саласының ...

2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Өңірлік білім беруді дамыту ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік ...

2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар жоспарларына сәйкес, облыстық «Тәрбиеші болу бір бақыт!» жас ...

2024 жылдың 27 мамыр күні «Mediana Services Limited» ЖШС орталығында қосымша білім беру ұйымдарына арналған «Zerek.edus.kz» платформасын түсіндіру ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 24 мамыр күні "Мектепішілік бақылау: мақсат, жұмыс, нәтиже" тақырыбында облыстық семинар ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық атаулы «Шыңдалу мектебінің» негізін қалаушы, ҚР Халық ағарту ...

Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Маңғыстау облысының ағылшын тілі пәні мұғалімдері қауымдастығының 2024 жылға арналған іс- шара жоспарына сәйкес, ...

 Бүгін, 23 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Арнайы мектепте ерекше білім беру ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылғы 22-мамыр күні Ақтау қаласы, Н.Марабаев атындағы №7 жалпы білім ...