Орталық жаңалықтары

Облыстық «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауы өтті.

2024 жылғы 4-5 сәуір күндері Балаларды ерте дамыту институтының және Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, облыстық «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауы өтті.

Байқауға аудан, қалалардан үздік деп танылған 12 педагог (тәрбиешілер, ән-саз жетекшілері, дефектолог) қатысты.

І кезеңде әділқазылар сілтеме арқылы педагогтердің Е-портфолиосы арқылы жетістіктері мен құжаттары, эссе, кіріктірілген күн тәртібінде жүргізілген тәрбиелеу-білім беру процесінің 7 минуттық бейнероликтерін бағалады.

ІІ кезеңде Ақтау қаласындағы № 32 «Ақшағала» бөбекжайы базасында офлайн форматында І кезеңнен сәтті өткен 9 үміткердің ұйымдастырылған іс-әрекеттері көрсетілді.

Қазылар алқасының шешімімен төмендегі орындар мен номинациялар берілді:

І орын: Шарланова Анар Каримовна, Ақтау қаласы, №4 «Аққу» бөбекжайының музыка жетекшісі;

ІІ орын: Жолмаганбетова Нуржамал Кумискалиевна, Түпқараған ауданы, «Айналайын» бөбекжайының тәрбиешісі;

ІІІ орын: Жантақбаева Жансұлу Танатаровна, Мұнайлы ауданы, № 4 «Балапан» бөбекжайының тәрбиешісі;

«Іскер педагог» номинациясы: Турмакова Сәуле Назарсиыковна, Мұнайлы ауданы, № 10 «Ақбота» бөбекжайы тәрбиешісі;

«Кретативті педагог» номинациясы: Тәңірбергенова Ақтоты

Есенқызы, Ақтау қаласы, «Айшуақ» санаториялық бөбекжайы дефектологы;

«Өнерлі педагог» номинациясы: Темиртасова Альмира Жаркиновна, Түпқараған ауданы, «Бәйтерек» бөбекжайы музыка жетекшісі;

«Жаңашыл педагог» номинациясы: Жумашева Жазира Медетбаевна, Бейнеу ауданы, «Манашы» бөбекжайының тәрбиешісі.

Жеңімпаздар Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз! 

title=