Орталық жаңалықтары

Облыстық «Мерген ару – 2024» пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату сайысы өтті

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Ақтау қаласының №15 жалпы білім беру мектебінде оқушылар арасында «Мерген ару – 2024» пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату сайысының облыстық кезеңі өтті.

Сайыстың ашылу салтанатында Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Гарабаев Тажен мен №25425 әскери бөлімнің 3 дәрежелі капитан Сабиғат Ерлан Алдажарұлы қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – жастарға мәдени және әскери – патриоттық тәрбие беру жүйесін қалыптастыру, қыздар арасында әскери – қолданбалы спорт түрін дамытуды насихаттау.

Облыстық «Мерген ару – 2024» пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату сайысына аудандық, қалалық кезеңінің жеңімпазы болған және облыстық мектептердің 15-17 жас аралығындағы оқушы қыз балаларынан құралған 9 команда қатысты.

Сайысқа қатысушылар бірінші кезеңде ВП-І шынтақпен бағанаға немесе тіреуге сүйеніп, тұрып ату бойынша, екінші кезеңде ВП-ІІ тіреусіз, тұрып ату әдісі бойынша сынға түсті.

Сайыстың қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, төмендегідей жүлделі орындармен марапатталды:

І орын – Жаңаөзен қаласы, "Қайсар" тобы ;

ІІ орын – Қарақия ауданы, "Жас сарбаз" тобы ;

ІІІ орын – Ақтау қаласы, "Тұлпар" тобы;

Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласының «Қайсар» командасының мүшесі Сауле Альбина және Жолымберді Нұрсұлу «Үздік мерген» номинациясына ие болды.

Сайысқа қатысушы қалған командаларға Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының арнайы сертификаттары табысталды.

Сайыстың барлық қатысушыларына сәттілік тілей отырып, жеңімпаздарды жеңісімен құттықтаймыз! 

title=title=title=title=title=title=title=