Орталық жаңалықтары

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жалпы пән оқытушылары арасында олимпиада өтті

2024 жылғы 21-22 ақпан күндері Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндері оқытушылары арасында облыстық пәндер олимпиадасы өтті.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы жалпы пән оқытушыларының ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, педагог кәсібінің беделін арттыру мақсатында 2 бағыт бойынша өткен облыстық олимпиадаға 10 пәннен 43 оқытушы қатысты. Олардың 22-сі жаратылыстану-математикалық (математика, физика, информатика, химия, биология, география) ал 19-сі қоғамдық-гумантирлық (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих) бағыттағы пәндердің оқытушылары.

Облыстық олимпиада 2 кезеңнен тұрды.

І кезеңде педагогтер электронды тестілеуден (өз пәнінен 20 сұрақ, педагогика-психологиядан 10 сұрақ) өтіп, «Шеберлік шыңы» тақырыбында педагогикалық идеяларын қорғау арқылы іріктеліп, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 9, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 10 педагог 2-кезеңге өтті.

Облыстық олимпиаданың 2-кезеңінде оқытушылар десант сабақтар өткізді. Сонымен қатар, олардың жеке цифрлық каналдарының жүргізілуі бағаланды.

Оқытушылардың екі кезеңдегі жинаған ұпайлары бойынша төмендегіше орындар берілді.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша :

І орын Ахташова Куаныш Утежановна (Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі)

ІІ орын Лекерова Гүлшат Алиқызы («Асмет Ұлас» Педагогика және қызмет көрсету инновациялық колледжі);

ІІ орын Есенова Мадина Ходжабергеновна («Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжі);

ІІІ орын Даукиева Гүлзада Сайрановна («Есенов колледжі);

ІІІ орын Қаржаубаева Элеонора Нуфтоллаевна (Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі);

ІІІ орын Суюбаева Райхан Давидовна ((«Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжі)

Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша:

І орын Орын Анар Абайқызы (Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі);

ІІ орын Давишева Гүлбану Елубаевна (О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі);

ІІ орын Матенова Дана Жалғасбаеван («Есенов» колледжі);

ІІІ орын Шоңқал Қазына Отешовна (Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі);

ІІІ орын Калиева Салтанат Абужаровна (Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі);

ІІІ орын Калдаулетова Айгерим Максатовна (Бейнеу гуманитарлық колледжі).

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! 

title=title=title=title=title=


Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «ІТ саласының ...

2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Өңірлік білім беруді дамыту ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік ...

2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар жоспарларына сәйкес, облыстық «Тәрбиеші болу бір бақыт!» жас ...

2024 жылдың 27 мамыр күні «Mediana Services Limited» ЖШС орталығында қосымша білім беру ұйымдарына арналған «Zerek.edus.kz» платформасын түсіндіру ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 24 мамыр күні "Мектепішілік бақылау: мақсат, жұмыс, нәтиже" тақырыбында облыстық семинар ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық атаулы «Шыңдалу мектебінің» негізін қалаушы, ҚР Халық ағарту ...

Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Маңғыстау облысының ағылшын тілі пәні мұғалімдері қауымдастығының 2024 жылға арналған іс- шара жоспарына сәйкес, ...

 Бүгін, 23 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Арнайы мектепте ерекше білім беру ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылғы 22-мамыр күні Ақтау қаласы, Н.Марабаев атындағы №7 жалпы білім ...