Ұстаздар мерекесі / 03.10.2025
Бүгін, 3 қазан күні Ақтау қаласында Ұстаздар күніне орай салтанатты шара өтті. Жиынға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен 700-ден астам мұғалім, білім саласының ардагерлері және құрметті қонақтар қатысты.
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, білім саласына қосқан ерен еңбектері үшін бірқатар педагогтарды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық марапаттарымен – «Еңбек ардагері», «Ы. Алтынсарин», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен, «Техникалық және кәсіптік білім беру ісінің үздігі» құрмет дипломымен және облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрдайы : «Елдің болашағы мұғалімдерге тікелей байланысты. Кез келген қоғамның даму деңгейі мен өркениеттілігі ұстазға деген құрметімен айқындалады. Ұстаз еңбегін қадірлейтін елде білімді ұрпақ өсіп шығып, жарқын болашаққа жетеді» деп атап өтеді. Бұл – педагог еңбегінің мемлекет тарапынан жоғары бағаланатынын көрсетеді. Сондықтан біз өңірде білім сапасын арттыруға және мұғалім мәртебесін көтеруге ерекше мән беріп отырмыз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.
Ұстаздар күніне орай салтанатты жиында жыл басында облыс әкімінің бастамасымен жарияланған «Табысты мектеп» жобасының жеңімпаздары марапатталды. Бірінші орынды Ақтау қаласындағы мамандандырылған ІТ лицейі иеленді. Жеңімпаз мектепке жаңа автокөлік және басшыдан кіші қызметкерге дейін 3 айлық қаржылай сыйақы берілді.
Екінші орынды Мұнайлы ауданындағы Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 мектеп жеңіп алды. Аталған мектептің басшысынан кіші қызметкеріне дейін 2 айлық қаржылай сыйақы берілді. Ал үшінші орын Жаңаөзен қаласындағы №5 мектеп-гимназиясына берілді. Мектеп ұжымы директордан бастап кіші қызметкерлерге дейін бір айлық еңбекақы көлемінде қаржылай сыйақыға ие болды.
Сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы «Үздік колледж» байқауының нәтижесі жарияланып, бас жүлде Маңғыстау жоғары политехникалық колледжіне табысталды. Ынталандыру сыйлығы ретінде Маңғыстау энергетикалық колледжі мен Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі марапатталды.
Мұнымен қатар, білім саласында жетістікке жеткен 12 педагогқа облыс әкімінің арнайы төсбелгісі табысталды. Ал байқаудың екінші орын иегерлеріне шипажайға жолдама берілді. Шара барысында ұстаздарға шынайы алғыс айтылып, еңбектері жоғары бағаланды.
Орталықтың 2026 жылғы 19 мамырдағы №198 нқ бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 22 мамыр ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған іс-шаралар ...
2026 жылғы 21 мамыр күні Алматы қаласы Білім басқармасы «Алматы дарыны» ...
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Цифрландыру және жасанды интеллект ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 18 ...
2026 жылғы 15 мамыр күні Ақтау қаласындағы «Білім-инновация лицейінде» «Берекелі ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 17.04.2026 жылғы №164 нқ бұйрығына сәйкес, ...
Бүгін меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке ...
2026 жылғы 12 мамыр күні облыстық сараптамалық кеңестің ІІ отырысы өткізілді. ...




















