Республикалық іс-шаралар

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтері арасында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Бүгін, ағымдағы жылғы 30 сәуір күні «Worldskills стандарттары негізінде кәсіби дағдыларды қалыптастырудың үздік тәжірибелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара республикалық медиагрид қатарына енгізіліп, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің қолдауымен өткізілді.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы Worldskills стандарттары негізінде кәсіби дағдыларды қалыптастырудың үздік тәжірибе, әдіс-тәсілдерімен танысу, өзге өңірлердің педагогтерімен тәжірибе алмасу мақсатында өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияға «Тalap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы өкілдері, Республика бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушылары, барлығы 100 адам қатысты.

Конференция пленарлық және практикалық кезеңнен тұрды.

Пленарлық кезеңде «Тalap» КЕАҚ WorldSkills қозғалысын дамыту басқармасының бас менеджері Еставлетова Атыркуль Алгатаевна «Қазақстандағы WorldSkills қозғалысын дамытудың 2024-2027 жылдарға арналған концепциясымен» жан-жақты таныстырып өтті.

Ал Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім бөлімінің басшысы Сармурзина Жания Оңалбайқызы WorldSkills Kazakhstan республикалық чемпионатын өңірде дамытудың озық тәжірибелеріне тоқталды.

Ал практикалық бөлімде «Worldskills стандарттары негізінде студенттердің кәсіби дағдыларын қалыптастыру: тәжірибе мен инновация» және «Worldskills стандарттары арқылы білім беру бағдарламаларын іске асыру және кәсіби модульдерді енгізу әдістемесі» тақырыптарында екі секция жұмыс жасады.

Секциялық отырыстарда Қарағанды, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары мен Шымкент қаласының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан 25 педагог өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Конференция соңында қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Конференция спикерлеріне Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының сертификаттары табысталды. 

title=title=title=title=title=


Бүгін, ағымдағы жылғы 30 сәуір күні «Worldskills стандарттары негізінде кәсіби дағдыларды қалыптастырудың үздік тәжірибелері» тақырыбында ...

Бүгін, 25 тамыз күні Ақтау қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында білім қызметкерлерінің республикалық бірыңғай «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, ...

Бүгін, 24 тамыз күні білім қызметкерлерінің «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты республикалық тамыз кеңесі ...

Тарих пәні мұғалімдерінің республикалық тәжірибелік конференциясы өтті. 2023 жылдың 24-25 мамыр күндері Білім берудің оқу-әдістемелік ...

Республикалық вебинар өтті. 2023 жылғы 18 мамыр күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Оқуға құштар мектеп» ...

2023 жылдың 27 сәуір күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын ...

Бүгін Маңғыстау облысының білім басқармасының 28.02.2022 жылғы №31-нқ бұйрығы негізінде облыстық білім берудің оқу - әдістемелік орталығының ...