Орталық жаңалықтары

«Арнайы мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту әдіс-тәсілдері мен технологиялары» тақырыбында білім беру ұйымдарының педагогтеріне онлайн семинар өтті.

 Бүгін, 23 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Арнайы мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту әдіс-тәсілдері мен технологиялары» тақырыбында білім беру ұйымдарының педагогтеріне онлайн семинар өтті.

Семинардың мақсаты: Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытып, тәрбиелеудегі психикалық ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарай олардың ақыл-ойын, танымын дамытуға, әлеуметтік және қоғамдық өмірге бейімделуіне қажетті білім дағдыларын алу үшін арнайы білім беруді ұйымдастыру, оңтайлы әдістерді қарастыру.

 Қамтылған аудитория: Арнайы және жалпы білім беру ұйымдарынан 63 маман қатысты.

Семинардың негізгі бөлімінде:

Сарсенова Камшат Жамбылқызы, Облыстық арнайы мектеп-интернатының ағылшын тілі пәні мұғалімі - «Көзі нашар көретін оқушыларға ағылшын тілі пәнінде қолданылатын АРТ-терапия әдіс-тәсілдері»;

Қуанышбекова Маржан Асқарқызы, Жаңаөзен арнайы мектебінің педагог-дефектологі - «Қазақ тілі пәнін зиятында бұзылыстары бар балаларға оқыту ерекшеліктері мен өзекті мәселелері»;

Сүлейманова Алмагүл Халдыбайқызы, №3 арнайы мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі - «ЕББҚ балалардың ұсақ қол моторикасын көркемдік өнер арқылы дамыту» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

 Семинар соңында мамандар алған әсерлерімен бөлісіп, спикерлер мен ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, Google форма арқылы кері байланыс толтырды. 

title=title=title=title=


2024 жылғы 13 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспары негізінде мектеп дейінгі ұйымдар арасында Халықаралық балаларды ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, әдістемелік қолдау көрсету және іс-тәжірибе тарату мақсатында 2024 жылдың ...

Білім басқармасының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 10 мамыр күні «Оқушылар сарайы» базасында жалпы білім беру ұйымдары ...

2024 жылғы 10 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспары негізінде мектеп дейінгі ұйымдар арасында жазғы сауықтыру кезеңін ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылғы 6 мамыр күні Ақтау қаласындағы №13 гимназиясында бастауыш сынып ...

2024 жылғы 4 мамыр күні ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің ұйымдастыруымен республикалық көлемінде ҚР Оқу-ағарту министрі ...

2024 жылдың 3 мамыры күні О. Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінде «Жас маман» жобасы аясында Worldskills ...

Бүгін, 3 мамыр күні Қарақия ауданы бойынша тәрбие бағытындағы (директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтер, әлеуметтік ...

2024 жылдың 3 мамыр күні Бейнеу ауданы бойынша тәрбие бағытындағы (директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтер, әлеуметтік ...

Бүгін, 2 мамыр күні Жаңаөзен қаласы бойынша тәрбие бағытындағы (директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтер, әлеуметтік ...