Орталық жаңалықтары

Үздік мектеп кітапханашылары анықталды


Білім басқармасының «Балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тарту, кітап оқуды насихаттау және «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясындағы 2021-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай Білім берудің оқу-әдістемелік орталығында 2023 жылдың 29 қарашасы күні облыстағы жалпы білім беретін мектептердің кітапханашылары арасында «Үздік мектеп кітапханашысы» облыстық қашықтық байқауы өтті.

Мектеп кітапханашыларының шығармашылық бастамаларын дамыту және ынталандыру мақсатында өткен бұл байқауға 6 кітапханашы қатысты.

Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар жолдаған жұмыстар 3 бөлім бойынша қаралды:

- электронды портфолио;

- бейнеролик түріндегі электронды таныстырылым;

- Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына арналған іс-шараның бейнежазбасы.

Барлық бөлім бойынша ортақ ұпай шығарылып, төмендегідей жеңімпаздар анықталды.

І орын: Аймурзаева Жанар Жолдасқызы, Маңғыстау ауданы Қаратөбе жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы;

ІІ орын: Таласбай Сағынқан Жетібайқызы, Қарақия ауданы № 9 бастауыш мектебінің кітапханашысы;

ІІІ орын: Болеева Айгүл, Түпқараған ауданы З. Баймырзаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

title=title=


2022 жылдың 26 қазан күні «Үздік қосымша білім беру педагогі» облыстық байқауы ...

2022 жылдың 22 қазан күні онлайн форматта қауымдастықтың жоспарына сәйкес «Шәкірт ...

Маңғыстау облысы Білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің №11 ...

Бейнеу ауданына жүргізілген мониторинг Маңғыстау облысының білім ...

2022 жылдың 21 қазан күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

2022 жылғы 21 қазан күні «Интернет желісінде озық тәжірибелі педагогтердің ...

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті ...

2022 жылғы 21 қазан күні «Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен дамытудағы ...

2022 жылдың 20 қазан күні Республика күні қарсаңында Білім берудің оқу-әдістемелік ...

2022 жылдың 20 қазаны күні онлайн форматта мектепке арналған PISA зерттеуінің ...