Орталық жаңалықтары

Облыстық «Математикалық регата» олимпиадасы өтті.

Маңғыстау облысының білім басқармасы «Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының» іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 17 ақпан күні Ақтау қаласы №9 жалпы білім беру мектебінің базасында облыстық «Математикалық регата» олимпиадасы өткізілді.

Педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын арттыру мақсатында ұйымдастырылған олимпиадаға аудандық, қалалық кезеңдерінен жеңімпаз атанған 9 команда (құрамы 4 адамнан) қатысты.

Олимпиада төрт кезеңнен өтті, әр кезең – үш тапсырманың ұжымдық шешімінен тұрады. Соңғы кезеңде - республикалық олимпиадаға қатысушылар іріктелді. Қазылар алқасы қатысушылардың шешімдерін саралап, қорытындысында:

І орын – Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектеп лицейі (мүшелері: Ишбатыров Өсер Абылбаевич, Ахмеджан Диас Гайратұлы, Жаңабай Данияр Талғатұлы, Абдуллаев Қайсар Беккалиевич);

ІІ орын – Ақтау қаласы (Абуова Индира Салекеновна, Маканова Венера Жанабаевна, Раимов Айбек Әнуарұлы, Рахметуллаев Айтымбет Сапарғалиұлы);

ІІІ орын – Жаңаөзен қаласындағы Білім инновация лицей-интернаты (мүшелері: Жаппар Қуаныш Жақсылықұлы, Жамилов Аймырза Умиржанович, Әбділхадіров Абылайхан, Ғазизов Бауыржан) иеленді.

Жеке тапсырмаларды орындау бойынша Джарылгасов Эркебай, Сарсенов Джанибек Таджетович, Түзелбаева Ғайнижамал Әсетқызы, Ишбатыров Өсер Абылбаевич жоғары нәтиже көрсетіп, Ақтөбе қаласында өтетін республикалық олимпиадаға жолдама алды.

Қатысушыларды жеңістерімен құттықтап, республикалық кезеңге қатысушыларға сәттілік тілейміз! 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=


«Информатика пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарын тиімді жазудың ...

Маңғыстау облысы бойынша педагогтер саны - 21377. 2022 жылдың қаңтар-қырқүйек ...

Педагог-психологтарға онлайн вебинар өтті 2022 жылдың 9 - 12 қыркүйек күндері ...

#Балаларжылы 2022 жылдың 9 қыркүйек күні "Балаларды ерте дамыту институтының" ...

Ұстаздар күні қарсаңында елімізде «Үздік педагог» байқауы басталды. ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының әс-шаралар жоспарына сәйкес, ...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША 2023 ЖЫЛҒЫ 1 ҚАҢТАРДАН БАСТАП МЕКТЕПТЕР, ...

Бүгін Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет ...

Ағымдағы жылдың 27 тамыз күні білім басқармасының АКТ залында "Маңғыстау ...